Сен тұр - мен айтайын!

Басқа мемлекеттердегі қандастарымыз көп жағдайға қарап тартынып қалады

  • Басқа мемлекеттердегі қандастарымыз көп жағдайға қарап тартынып қалады

    Басқа мемлекеттердегі қандастарымыз көп жағдайға қарап тартынып қалады

Бізде көп нәрсені орыстарға қарап отырып істейтін бір жаман әдет бар ғой. Оралманың құжатын да солар секілді тездетіп жасап беру жағын үйренсе екен дейсің. Тарихи отанына кеткісі келетін орыстардың бар документін үш-ақ айда рәсімдеп береді екен, үш-ақ айда! Былтыр осылай 40 мыңнан астам адам Ресейдің азаматтығын алыпты. Бұл соңғы бес жылдағы көрсеткіштен екі есе көп екен. Құжат рәсімдеуді жеңілдеткеннің арқасында, қазір өзінің матушка Расеясына кеткісі келетіндердің саны екі есе артқан. Шеттен келетін қандастарымыздың документін де дәл осылай жылдамдатып қолына ұстатып жіберіп отырсақ, көшіп келетіндердің қарасы екі-үш есе өсетін еді. Басқа мемлекеттердегі қандастарымыз көп жағдайға қарап тартынып қалады. Соның бірі тіл білмеушілік болса, екіншісі – көбі әр мекеменің табалдырығын тоздырып, құжат жинаудың қияметін бастан кешіргісі келмейді екен. Ресейліктерден үйренейікші...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 885    Пікірлер: 0

сенбі, 05.05.2018, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31