Сен тұр - мен айтайын!

Бастық маған ұрыспайтындай етіп бір дұға оқып қойыңызшы

  • Бастық маған ұрыспайтындай етіп бір дұға оқып қойыңызшы

    Бастық маған ұрыспайтындай етіп бір дұға оқып қойыңызшы

Қауқа сақал демекші бірде жұмысқа бармақ болып такси тоқтаттым. Қолымда екі балам бар. Оларды жолай бақшасына апаруым керек. Өзім асығыспын. Əншейінде қолына кілтін айналдырып босқа тұратын таксисттердің бұл жолы бірі де жоқ. Қырсыққанда асығыс кезде осылай болады. Əлден уақытта бір машина тоқтады-ау əйтеуір. Шаферы да бір қорқынышты екен. Қапсағай денелі ,сақалы кіндігіне түсетін көзі бақырайған біреу. Машинасының артына адам толтырып алған.

Алдына отырыңыз деді.

-Екі баламен бе? Ана жерде гай бар. Бұлай отырғанымды көрсе сізді ұстайды деймін.

-Отыра бер қызым. Қазір олар мені тоқтатпайтын дұғаны оқып қоямын деді. Таңдана -таңдана екі баламмен машиненің алдына жайғасып алдым. Бір кезде əлгі шаферың аузы гүбірлеп бір дұғаларды оқи бастады. Менде бір жүрген əпенде. Оның қандай дұға оқып отырғанын ұқпасам да əумин əумин деп қоямын. Айтқанымдай-ақ екен. Жібек жолы көшесіне бұрыла бергенде таяғын шошаңдатып тұрған жпплар шыға келді.

-Ұсталдыңыз бітті штраф. Айттым сізге. Қап менен пайда көретін 100 теңге он еселеп шығатын болды. Таксист сөзіме назар аударған жоқ. Тағыда бір екі рет іштей гүбір - гүбір етіп, алақанымен бетін сипады. Міне қызық!. Жаңа ғана таяғымен тоқта деп белгі берген гайлерің жүре бер деген белгі берді. Таңданысымды жасыра алмадым.

-Ағай қандай дұға оқыдыңыз? Мына балаларды бақшаға апарамын деп жұмысқа кешігіп баратын болдым. Ана кəрі теке басшымыз айқайды салатын болды. Егер үлкендік болмаса сол басшыны маған ұрыспайтындай етіп бір дұға оқып қойыңызшы дедім. Қауға сақал бір күліп алды. -Түсе бер қызым оқып қоямын. Зырылдап отырып жұмысқа жетіп келдім. Əншейінде аузы жабылмайтын басшы менің кешіккенімді сезбей қалған сияқты. Үндеген жоқ. Іштей əлгі қауға сақал көкеме алғысымды жаудырдым.

ПЫ-СЫ.. Қазір ойлаймында неге сол кезде əлгі көкеден оқыған дұғаларын бір параққа жазып алмадым екен деп. Рахат қой))). Машинемен кетіп бара жатсаң немесе басқа да бір жағдайға тап болсаң,' əлгі дұғаны оқып аласың. Саған келіп тұрған гайың да майыңда сенен айналып өтіп кете береді.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1453    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.06.2018, 04:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30