Сен тұр - мен айтайын!

Бай мен кедейдің арасындағы айырмашылық жер мен көктей болып кеткен

  • Бай мен кедейдің арасындағы айырмашылық жер мен көктей болып кеткен

    Бай мен кедейдің арасындағы айырмашылық жер мен көктей болып кеткен

Қытайдың Батыс елдеріне қашып шыққан эмигранттары Қытай компартиясын құлаудың алдында тұрған құрылым деп жиі айтады. Азат Қытай үшін күрескер Вэй Цзиншэн: «Қытай коммунистік режимі үріккен құс іспетті. Қоғамдық әрбір дүрбелең болған сайын ҚКП зәресі ұшады. Бұл оның күні біткенін көрсетеді» - дейді. Алайда, мұны олардың саяси көзқарасы дегеннің өзінде, Батыс саясаттанушылары Қытайда әлде бір өзгерістің болатыны заңдылық деп есептейді екен. Ондай өзгерістің 3 ықтимал нұсқасы жиі айтылады:

1. Советтік нұсқа немесе жоғарыдан жасалатын реформа;

2. Таяу Шығыс нұсқасы немесе орта буын реформасы;

3. Шығыс Еуропа нұсқасы немесе төменнен жасалатын революция.

Советтік күйреуден сабақ алған қытайлар қазір ақпарат құралдары мен Интернетке ақша аямай шашып, идеологиясына қатты мән беріп отыр. Олардың бақылауына көнбей тұрған жалғыз нәрсе – жемқорлық қана екен. Сондықтан, советтік нұсқаның мұнда жүзеге асуы неғайбыл. ҚКП қала оқымыстылары мен бизнесмендерінің әл-ауқатты болуына жіті назар аударып қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан олар режимге қарсы шықпай керісінше, баюдың жолын көбірек ойлап жатқан жайы бар. Дегенмен, қазіргі режимнің тұрақтылығына тағы қатты сенбейтіндіктен, шетелге шығушылары да көп. Сондықтан, орта таптағылар революция жасамайды.

ҚКП саяси реформа жасағысы келмейді. Экономикаға бар күшін салып жатыр. Соның салдарынан бай мен кедейдің арасындағы айырмашылық жер мен көктей болып кеткен. Қазіргі режимге наразылар қарапайым халық арасында көбірек. Оны басып-жаншу үшін өкіметі әлі де барын салады. Ерте ме, кеш пе бұның ақыры революцияға келіп тірелуі ықтимал. Әлемдік қауымдастық Қытай билігіне әзірше ештеңе деп ауыз ашып отырған жоқ. Қалай болғанда бейбіт жолмен өзгеріс жасау мүмкіндігі қытай халқының өз қолында ғана бар.


‎Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

сенбі, 09.02.2019, 23:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28