Сен тұр - мен айтайын!

Баяғы үстем тап пен кедейлерді қанайтын заман қайтып келе жатқан сияқты

  • Баяғы үстем тап пен кедейлерді қанайтын заман қайтып келе жатқан сияқты

    Баяғы үстем тап пен кедейлерді қанайтын заман қайтып келе жатқан сияқты

Ауылда қазір бос жер жоқ екен. Бәрін қолында билігі бар адамдар мен кәсіпкерлер бөліп-бөліп алған. Бұрын ауылдағылар малын өріске шығарып, өздері үйде емін-еркін жұмысын істеп жүре беретін. Қазір енді малды бос қоя берсе, жаңағы жердің иелері шабындыққа түсіп кетті деген сылтаумен бар малын қамап тастайды екен. Оны шығарып алу үшін айыппұл төлеуің керек тағы. Ондай артық ақша өзі әрең жүрген ауылдың қарапайым адамында жоқ. Жалынып-жалбарынып жүріп, бала-шағасының аузынан жырып алған бар ақшасын беріп барып шығарып алады. Былай қарасаң, баяғы үстем тап пен кедейлерді қанайтын заман қайтып келе жатқан сияқты. Осы мәселені біржақты қылып шешпесе болмайды. Аргентинаның жері Қазақстаннан да үлкен екен. Испан отарлаушылары баяғыда сол жердің бәрін меншіктеп алып, жергілікті халықты жерсіз қалдырыпты. Қазір елдегі бүкіл жерді солардың ұрпақтары уысында ұстап отыр. Соның кесірінен 40 миллиондай халықтың 15 миллионы Буэнос Айресте, тағы бір миллиондайы қаланың маңайындағы жеркепеде итшілеп өмір сүріп жатыр. Өйткені оларда ауылдық жерде туғандардың меншікті жері жоқ. Бәрінен қағылған. Содан кейін олар қаланы жағалап, жан бағу үшін өмір бойы жер иеленушілерге жалшы болып өтеді екен. Былай қарасаң, олардың тумай тұрып бар жерін тартып алған да, болашағына балта шауып тастаған. Осындай қауіпті жағдай біздің басымызға да төніп келе жатыр. Ауылдағы жер – ауыл адамдарының меншікті мүлкі. Оған ешкімнің қол сұғуға қақы жоқ! Ауылдағы қазақ ондағы қалаған жеріне малын жайып, мал ұстап, жеміс-жидегін егіп, қолдан келгенше кәсіппен айналысуы керек. Оның бар байлығы – құдай берген осы тегін жер ғана!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.06.2018, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31