Сен тұр - мен айтайын!

Берген қайырың далаға кетті ...

  • Берген қайырың далаға кетті ...

    Берген қайырың далаға кетті ...

Қонаққа бардық. Бір қожайынның бір аулада жалға беріп отырған үйінің бір бұрышында тұрады екен. Әлден уақытта "есіктің алдына су шашпаңдар" деп кесірлене айқайлап келе жатқан дауыс естілді. Үйдің қожайыны екені бірден білінді. Қоларбасын сүйреп, сөмекесіне ірімшік-шұжығын, көкөніс-жемісін салып қайқиып келе жатқан кемпірдің түрі сұмдық таныс.


"Мына кісіні біреуге ұқсатып тұрмын" дедім. "Бір жерден көрген сияқтымын". Миым еріксіз шарлап іздеп кетіп еді, қасымдағы құрбым: "Ей, мынау бағанағы базарда қайыр сұрап тұрған кемпір ғой. "Деточка, помоги" деп еді езіліп түсіп, бар ақшаңды беріп жатыр едің ғой" дегенде барып, миыма сарт ете қалды. Қолдары дірілдегенде сұмдық аянышты, тіссіз қызыл иегі кемсеңдеп, кеберсіген ернін кәрі қолдарымен сүрткіштеп: "Жалғыз ұлым авариядан қайтыс болды, келінім Ресейге кетіп қалды, қолымда кемтар немерем бар, аш отыр" десе қатты образға кіріп кетсем керек, әуелгіде берсем деген 50 теңгеге қосып 500 теңге тастап кеткенім есіме түсті. Үйіндегі кемтар байқұсына бір тәті алсыншы деп ойладым. Қатты жаным ашып: "Немереңізге сәлем айтыңыз" деген маған мың рет батасын беріп, көзі жасаурап қалған.


Сөйтсем сол кемпірім, протез тісін киіп алған, ерінді бояп, жаман киімін қоларбадағы сөмкесіне салып алған-ау деймін. Тап-таза, қайқиған қалыпта ірімшік-шұжық, жеміс салынған пакетін жерге қойып есігін ашып жатыр. Аузы да жіберіп жатыр. Құрбым түсіне қойды ғой деймін. "Апамды жұмыс үстінен көргенсіңдер-ау деймін. Олар сондай, мына жақтағы орыс апаң да, арғысы да солай істейді. Қаланың ортасында бір үйін, мына айналдыра жалға беретін пәтерлері бар. Жұма, сенбі, жексенбі барып қайыр сұрайды. Дүйсенбі - моншаға барады. Сейсенбі күні саяжайына кетеді" дейді. Осыларды аяп талай адам пакет-пакет азық беріп жібереді. Оларға да айтатын жалғыз баласы анда-санда қара джиппен келіп тұрады. Кешірші, берген қайырың далаға кетті сөйтіп" дейді.


Соңғы нанын суға езіп немересінің аузына салып, өзі аш отырып та "тәубе" дейтін біздің апаларымыз ғой" дегенде барып осы ФБ-да қайыр тілегендерге көмектесіп жатқандардың да еңбегі далаға кетпесе екен деп ойлап отырмын да.


Гүлбағыш Бостан

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1779    Пікірлер: 0

жұма, 29.12.2017, 11:31

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30