Сен тұр - мен айтайын!

"Бес баламмен моншада өмір сүріп жатырмын" деп зарлайтындар біреуге сеніп туып алған ба

  • "Бес баламмен моншада өмір сүріп жатырмын" деп зарлайтындар біреуге сеніп туып алған ба

Бір əулеттің екі келіні. Бөлек шыққан келін күйеуі 50 мың айлықпен жұмыс істеп, оның 35 мыңын кредитке төлеп отырса да, жылда туып, бес бала тапқан. Соңғы төртеуінің арасы 1,5 жастан. Есесіне балаларының киімін де, ауырса дəрісін де ата-енесіне алғызады. Бір жылы төрт ай қыста кредитімізді төлеп беріңізші деп өтінсе, келесі жылы "көмір алатын ақша жоқ" деп, бір қыс жағатын көмірін түсіртіп алады. Оның бəрін келіні емес, баласы айтқан соң "шиеттей бала-шаға жаурап қалмасын, қарындары ашып қалмасын" деп бұлар бар тапқанын, зейнетақысын соларға береді. Ал келіншек түк білмегендей, біреу əкеп берген тамақты былғалап асып, балаларын баптап, жақсы адам болып отыра береді. Келін боп түскен 13-14 жылда бір шөптің басын сындырып, жұмыс істемеген, түскен жылдары ата-енемен тұрғанда медколледжде оқып, диплом алғанымен, қарапайым жамбастан салатын уколды да сала алмайды. 15 соток жері бар, бірақ, бір түп помидор отырғызбайды. Бау-бақша деген атымен жоқ, себебі, келіншектің шаңға аллергиясы бар екен, бақша ексе, мал ұстап, қораға кірсе үстіне бөртпе шығып, ауырып қалатын көрінеді.

Ал екінші келін - қолда. Оның екі баласы бар. Екіншісін туғаннан кейін енесі: "енді қоя тұр, кішкене етек-жеңімізді жинап алайық" депті. Сонымен ол баласы 7-8 айлық кезінде жұмысқа шығып кетті. Емшектегі баламен жұмыс істеп, екі баласының тамағы, памперсін, киімін, дəрісін бəрін өз мойнына алған. Үйдегі немере ауырса ата-ененің жұмысы жоқ, арғы үйдегі немерелер ауырса, түнделетіп барып дəрісін апарып береді. Одан бөлек, күнделікті бір үйлі жанның шəй-сүті, тамағы да сол келіннің мойнында. Ал оның күйеуінің табысы əлгіндей көмір алу, кредит төлеу, той-жаназаға апару дегендей "ірі" шығындарға кетеді.

Бір қызығы жақсы атақ үнемі бес бала тапқан, "неше жылдан бері бір дыбысын шығармаған" үлкен келінде. "Ойбай, бар, банкісін жауып бер, болмаса жапқан банкілеріңнен беріңдер. Сол балдарымен банкі жаба ала ма, күйіп қалар", "қанты бар дейсің бе салатын, өздері күнін əрең көріп отыр" немесе "қонағын күтіп бер, балдары қазанға түсіп кетер, төркіні келеді екен ұят-ты, продуктісін апарып бер"... Осылай кете береді.

Ал үйдегі келін туралы əңгіме болса "жұмыс істеп атыр ғой, ақшасы бар шығар", "қой оған əперіп нағыласың, ертең айлығынан өзі алады ғо", "неғылса да өз ақшасы өзінде, баласын біреу бағып отыр, ақша таппай неғылады?".

Осы енді əділдік пе? Баланы табу басқа да, бағу бір басқа. Баяғыда кейбір əжелер: "Құдай берсе ит те туады" деп қатындарды сөккенде сол əжелерді дүниедегі ең антұрған адамдай көруші едік. Енді ойласам бала тудым деп ештеңе істемей отыратын осындай келіндерден күйгеннен айтады екен.

Жалпы қазіргі уақытта жасы 40-қа келсе де əке-шешесінің мойнына мініп, бала-шағасын солар үшін туғандай, туғызғандай болып отыратын адамдар көп. Поштаға барсаң зейнеткер апайлар көмір алу үшін кредит алып жатқанын көреміз. Сонда олардың балалары қыста үйін жылытуға өздері ақша таба алмайтын болып тұр ғой. Бұған тек ерлер емес, əйелдер де көбіне кінəлі.

Қайбір термеде "Ырысы қалың жігіттің қатыны шаруа томпаңдап" деген жол бар еді. Расында, анамыз өмір бойы əкеміздің бір жағында жүрді қолғабыс етіп. Жұмыс та істеді, бес-алты бала да туды, мал да бақты. Негізі сол менталитет дұрыс еді. Қазір мен танитын кейбір келіншектерде бала-шағаны асырау тек еркектің міндеті деген түсінік қалыптасқан. Қарасаң, тұрған-біткені міндет. "Ой мына балалар адамды жынды қылады, мəə шаршаппын, бала шаршатады" дейді екі сөзінің бірінде. Бірақ ондай əрекет мына заманға жүрмейді. Қай заманға да. Біздің қазақ отбасына тəн, қазақ еркектеріне өтетін метод деп ойламаймын. Сериалдардағыдай бір фирманы басқарып отырған идеал жігіттерге болмаса. Бізде қашан да отбасының ауыр жүгі əйелдердің иығында болған. Əйел пысық болмаса қиын. Мен айтқан əулеттегі үлкен келін, мəселен, ата-енесі болмаса қалай күн көрер еді? Теледидарға шығып қайыр сұрап кетер еді, бəлкім. Күнде экранға шығып, "бес балам бар, тамағым жоқ, моншада өмір сүріп жатырмын" деп зарлайтын қатындар да сондай өзіне емес, біреуге сеніп туып-туып, аяғында осындай жағдайда қалған ойсыз жандар ма деп ойлаймын. Асылық етсем, Аллам кешірсін!

P/s: Біреудің өмірін талқыға салған дұрыс емес, бірақ соңғы кезде қазақ отбасыларындағы осындай жағдайлар көп толғандырып жүр. Отбасы - қоғамның айнасы емес пе?


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1029    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.01.2018, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31