Сен тұр - мен айтайын!

Бесікке салуға барып, бесік емес "коляскаға" салынған баланы көргенмін

  • Бесікке салуға барып, бесік емес

    Бесікке салуға барып, бесік емес "коляскаға" салынған баланы көргенмін

Негізі бір қаладан екінші бір калаға барсаң сол барған жеріңді сынап отырасың ғой. Менде Дәнилякөлге келгенде басында солай сынап карағанмын. Себебі осы Ақсай қаласы орысша оқып, орысша тәрбиеленген, қазақы тәрбиеден алыстау өңір. Бұл жақтың жастарының тәрбиесі мен менің көрген тәрбиемнін арасы жер мен көктей еді. Ең алғаш бір үйдің келіні қайынатасы мен енесімен "рюмка" соғыстырып "вино" ішіп отырғанын көргенде менің екі көзім төрт болып, төрт көзім сегіз болған. Одан бір отырыста тағы бір келіннің қайынапа-қайынағаларының атын атап сыпыртып жүргенін естігенде аузым аңқиып ашылды да қалды. О тоба дедім. Ал бізде қалай. Мен осы кезге дейін жеңгелерімнің қайынапа-қайынағаларының атын атамақ түгілі,бір дастарханда отырып "рюмка" соғыстырғанын көрмеппін. Біздің үйге "служить" етуге келген әулеттің келіндері дымдарын шығармай, жаздың ыстық күнінде баста орамал шай құйып, ыдыс жуып жүреді. Осыны көріп өскен маған жаңағылардың бәрі жабайы көрінген. Тағы бірде Бөрліде тұратын қайынағама көрісуге барып едік, ол кісі қолын беріп амандасайын деп жатыр. Мен сасқанымнан: көке,біздің жақта қайынағаларымен қол алысып көріспейді деп едім,сен Атырауда емессің Оралдасың,-деп өзіме сөйлеп тастады. Сонда да, сонда да деп мен қалдым қасқа басым үндей алмай. Бұл жақта қайынағаларымен қол алысып көрісіп амандаса береді.

Тағы бір таң қалатыным қайынаға-қайынапаларының атын атайды да апасын, ағасын қосып жүре береді. Мысалы Ержан аға, Жазира апа деген сынды. Мен айтам оларға атын атағасын апасы мен ағасы неге керек деп.

Бесікке салуға барып, бесік емес "коляскаға" салынған баланы көргенмін. Бірақ бәрі бірдей коляскаға салмайды, бесікке салатындары бар енді. Өмірден өткен кісінің 7 күндік қадесі өтпей жатып туған күн жуғанды да көргенмін. Әруақ ұрып,беттерің қисайып кетпейді ау сендердің дегенмін сонда. Әлі ақ үйренесің бізге деген. Көзбен көріп жүргесін бәріне де үйренеді екенсің. Бірақ сонда да әліде болса бұл жағдайлар маған оғаш көрінеді.Осыны оқыған Ақсайлықтар, соның ішінде Дәнилякөлдіктер маған ренжімес. Тәтті өтіріктен, ащы шындық жақсы ғой.


Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан


 


 




Көрілген: 1410    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.03.2018, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31