Сен тұр - мен айтайын!

Бетон бет қыздарды қайдан тауып алғанына таңғаласың кейде

  • Бетон бет қыздарды қайдан тауып алғанына таңғаласың кейде

    Бетон бет қыздарды қайдан тауып алғанына таңғаласың кейде

ВОКЗАЛ


Шымкентке барып қайттым. Шырайлы қалада күн жанып тұр. Вокзалдан түсе салып, электрондық билетімді қызыл билетке ауыстырып алайын десем, кассаның ар жағында отырған жап-жас қыздардың қабағынан қар жауып тұр. Бұрылып та қарамайды ғой, шіркін. Тіпті, жауап беруге ерінеді. Өзінің ғана емес, алдына келген адамның да көңіл-күйін бұзатын осындай бетон бет қыздарды қайдан тауып алғанына таң қаласың кейде... Алла өзі кешірсін, құдды бір жеке өзінің үйінде отырған сияқты шіренеді. Бір-біріне жұмсап жүріп, ақырында біреуі қызыл билетті дәлізде тұрған банкомат сияқты аппараттан алатынымызды айтты. Оның тілін білмейміз. Сол маңда жүрген қызметкерлерден сұрасам, бәрі басын шайқап, «білмейміз» дейді. Жалынсақ та аппаратқа жолағысы жоқ. Құдай біледі, «Өліп бара жатырмын» десең, «Ол енді өзіңіздің шаруаңыз ғой» деп жайбарақат теріс айналып кете беретін сияқты.

Пойызда келе жатып Агата Кристидің Эркюль Пуаро туралы әңгімелерін оқыдым. Бұл 20 ғасырдың басында болған оқиғалар ғой. Пуаро да пойызда көп жүреді. Сол замандағы вокзал қызметкерлерінің сапалы қызметін айтсаңызшы... Мен шабаданыңызды көтеріп, есікті ашып, пойызға мінгізіп жіберетін қызметті айтып тұрғаным жоқ. Вокзалға кіргеннен қызметкерлердің бәрі жолаушылар үшін құрақ ұшады. Бәрі мәдениетті, мейірімді, елпілдеп тұрады. Айқай-шу жоқ. Вокзал қызметкерлері осы жолаушылардың арқасында айлығын алып, бала-шағасын асырап отырғанын жақсы түсінеді.

Қазір 21 ғасыр... Біздің қызметкерлер әлі күнге өздерін құдай сезініп жүр. Сол өркениетке қашан жетеміз? Мұндай жағдай барлық өңірде бар екені анық. Қанша жерден экономика, қаржы, даму, жаңа технология десек те адамның санасында үлкен төңкеріс болмай, істің бәрі бекер ме деп қалдым...


Оралхан Дәуіт

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1845    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 07.08.2017, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:47
    Аблязов біз лох емеспіз!
    19 Қыркүйек, 11:27
    Арың қанша тұрады?
    17 Қыркүйек, 13:16
    Негізі Канело жеңді
    13 Қыркүйек, 09:44
    "Әлі қыз" дедіңіз бе?
    5 Қыркүйек, 09:29
    Сыбайлас қамқорлық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31