Сен тұр - мен айтайын!

Бетперде кию мода болған ба?

  • Бетперде кию мода болған ба?

    Бетперде кию мода болған ба?

 Бетпердені қашан шешесіз ? Өткенде естіген бір оқиға есімнен кетпей қойды. Ерлі -зайыптылар ұлын үйлендіреді. Құдаларын күту үшін банктен несие алып, үйін кепілге қойып, елді таң қалдырып, той жасайды. Енді келген қонақтар, ағайыны аузынан суы құрып тойды мақтап жүр. Бірақ ауқатты, дәулетті көрінгісі келген отбасы жалғыз баспанасын сатыпты. Банктегі қарызын төлеуге жетпеген көрінеді. Пəтер жалдап тұрады. Той өткеннен кейін сыпайы, инабатты келіні ата -енесімен ұрысып, күйеуін жетектеп, пәтерге көшіп кетіпті. Ерлі -зайыптыларды осы жағдайға итермелеген не ? Шамасына қарап той жасауға неге намыстанамыз?

Кеше тағы бір тойға дайындықты талқыладық. Отбасының тойханада қонақ күтетін жағдайы жоқ. Бірақ намысқа тырысып, тағы бетперде киюге бел будық . Əйтпесе құдалардан, елден ұят болады? Олармен бірге мен де бетперде киіп, тұншығып кеттім. Турасын айтсаң, ешкімге жақпайсың. Бетперде кигеннің тиімділігі əркімнің сөзін тыңдап, өзіңше ой түйесің.

Əнеугүні бір кісіні құдалықта танымай қалдым. Қорасында қойы жоқ еді. Алтынға оранып, тойға тотыдай таранып келіпті. Сөйтсем, бүкіл ауылдағы абысын -ажындарының алтындарын тағып, жақсы киімін киіп келіпті. Бетперде кию мода болған ба?


facebook.com парақшасынан 


 




Көрілген: 970    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 18.12.2017, 20:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!
    10 Қаңтар, 12:52
    Тоқал болғым келеді!
    31 Желтоқсан 2017
    Мен әлі қызбын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31