Сен тұр - мен айтайын!

Биліктегілер әлі күнге дейін бір-бірімен орысша сөйлесіп келе жатыр, неге екенін...

  • Биліктегілер әлі күнге дейін бір-бірімен орысша сөйлесіп келе жатыр, неге екенін...

    Биліктегілер әлі күнге дейін бір-бірімен орысша сөйлесіп келе жатыр, неге екенін...

Обшым, былай болған ғой. 18 ғасырдың аяғы – бүкіл Европада мәдениеттің,әдебиеттің, театрдың, білім жүйесінің, әдеп пен сәннің ең бір биік деңгейге көтерілген кезі болды. Француздар осы жағынан бәрінің алдына шығып кетті де, европалықтардың өзі де соларға қарап бой түзей бастады. Орыстар да олардан қалған жоқ. Ресейде 18 ғасырда зайырлы мемлекеттің алғышарттары әлі қалыптасып үлгермеген. Олар сондықтан француздарға еліктеп, француз тілін мәдениеттің тілі деп қабылдады. Орыстың сол тұстағы элитасы француздың бекзадаларын жалдап әкеліп, балаларына орыс тілін емес, француз тілін үйретуге тырысатын алдымен. Тым тұрпайы нәрсе болғанымен, біз де кезінде орыс тілін дәл осылай үйрендік. Әлі сол психологиямен келе жатырмыз ғой. Орыстың тарихында мынандай қызық болған тіпті. Декабристерге (желтоқсаншылар емес) сот болып жатқан кезде, олардың көбі орысша білмейтін болып шығыпты. Қызық, ә?! Өздері орыс көтерілісшілері (оппозиционерлері), бірақ өздері орысша білмейді тағы! Тура біздің ұлтсызданған оппозиционерлер сияқты. Орыс элитасының французша шүлдірлеп кетуінің тағы бір себебі – ол кездегі орыстың билеушілерінде орыстан шыққан патша әулеті болған жоқ. Елді басқару үшін олар әр жердің дворяндарын мемлекет қызметіне шақыратын. Осындай қырықсідіктен құралған билеуші тапқа бір тілде сөйлеу керек болды. Ол қандай тіл болуы мүмкін? Әлбетте, мәдениеттің тілі – француз тілі ол! Бәрі қара халықтың тілінде емес, «элитаның тілі» саналған осы тілде сөйлесті. Біздің биліктегілер түгелдей қазақ болса да, әлі күнге дейін бір-бірімен орысша сөйлесіп келе жатыр, неге екенін...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.07.2018, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30