Сен тұр - мен айтайын!

Білім беру саласы қандай саясат жүргізіп отыр?

  • Білім беру саласы қандай саясат жүргізіп отыр?

    Білім беру саласы қандай саясат жүргізіп отыр?

«КІШІ ОТАН» ДЕГЕН НЕ?


ХХІ ғасыр – Қазақстан ғасыры деп айтып жүр. Айтқандардың аузына – май, астына – тай. Ләйім солай болсын. Ол үшін сол ғасырға лайықты озық ойлы, аса білімді азаматтар тәрбиеленуі парыз. Қазіргі мектеп соны орындауы керек. Инвестиция соған салынуы тиіс.

Бұл міндетті ақаусыз атқару үшін мектепке, ұстаздар қауымына білім беру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы құрылған, яғни ол педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Лауазымды мекеме. Құрылтайшысы – ҚР Білім және ғылым министрлігі. Жақында солар өткізетін іс-шаралардың шақыру қағазына көзім түсті. Мәтінді толық келтірейін. «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2018 – 2022жылдарға арналған республикалық «Туған жер . Туған ел. Туған глобал» жобасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 2018 жылдың 30 наурызы күні «Кіші Отанның мәдени және рухани дамуы» атты республикалық онлайн семинар - практикум өтетінін хабарлайды»,- деп жазылыпты. Глобал сөзінен бұрын «Кіші Отан»дегені жүректі дір еткізеді екен. Еліміздегі мұғалімдерді білім берудің жаңа мазмұнына үйрететін орталықтың сөз қолданысы. Отбасы сөзі неге ұнамайтын болды екен оларға. Интернетте де «Кіші Отан» тақырыбына арналған сабақтар толып жүр. Басқа жақта тағы бір Отанымыз бар секілді.

«Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім).

Екі Отан жоқ

Жалғыз Отан – мекенің!
(М. Мақатаев).

Білім беру саласы қандай саясат жүргізіп отыр? Осы институтқа кіре қалсаң «Монтессори кабинетіне» тап келесің, Монтессори оқулары, курстары өткізілуде.

Бұл білім берудің заманауи талаптарына орай атқарылып жатқан болар. Ғалым, педагог кісі екен. Жаңалығы – оқу мен тәрбие берудегі еркіндік пен уақытты ұзартпау. Ал, сонда қазақта сондай әдістеме жасаған педагог, ғалым, әдіскер жоқ па? Нұсқаулықтарында Ушинскийді дәріптейді. Мысалды Макаренкодан келтіреді.

Жақында қаладағы орыс мектептерінің бірінде болдым. Балалары ағылшын тілінде сайрап тұр.

– Оқушылардың бәрі де осылай білімді ме? – деп сұрадық.

– Бұл оқушылардың бәрі де ағылшын тілінің курстарына, жүзуге, шаңғы тебуге, робот жасау үйірмелеріне баратындар. Ата-аналары белсенді өмірге дайындағандар. Өздерін шет елде оқуға жан-жақты әзірлеп жатқандар, - деді.

Ойланып қалдым. Мектеп тамаша. Оқу да керемет. Ондағы оқушылар да білімді. Бірақ сыртқа кететіндер. Өздерін солай дайындап жатқандар. Сонда Қазақстан оларға «Кіші Отан» болып тұр ғой.


Ділдәр Мамырбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 954    Пікірлер: 0

жұма, 16.03.2018, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31