Сен тұр - мен айтайын!

Болашақ сарбаздардың жүрегін толқытатын ән болуы керек

  • Болашақ сарбаздардың жүрегін толқытатын ән болуы керек

    Болашақ сарбаздардың жүрегін толқытатын ән болуы керек

Қ.Рахымның "Мен - қазақпын" әніне қатысты айтыс жүріп жатыр. Дұрыс қой. Біреулер "қырт ән" десе, біреулер "хит ән" дейді. Біреулер Н.Өнербаевтың "Егемен Қазақстан" деген әнін парадта айтатын ән ретінде ұсынып жатыр. Әскерге ән ұсыну дұрыс па? Дұрыс, алайда қандай ән ұсыну керек, мәселе сонда. Кезінде әнұранымыз туралы да көп әңгіме болды емес пе? Бірақ ұсынылған ән, бұрынғы әнұран емес, халықтың өзі сүйсініп орындайтын "Менің Қазақстаным" әнұран болып шыға келді. Кезінде оны "гимнге жарамайды" деген мықтылар осы ән айтылғанда орнынан тік тұрып, қолын кеудесінің сол жағына қойып, жыламсырап қайталап жүр.

Расында да, Нұрлан айтқан ән жаман емес екен. Сөзі де орнықты. Бірақ осындай патриоттық әндер неге көп айтылмайды? Айтылса да неге тез ұмытылады? Өйткені бір-біріне ұқсас, әуені де, сөзі де, орындаушылық шеберлігі де. Бір арнадан шықпай, тік тұрып айтатын әндер ғой. Ептеп ойнақылық та керек, бұл билеп кету, әннің арнасынан асып-төгілу немесе Отан, елім, жерім дегенді қайталай беру емес. Сөзімен де, әуенімен де ертеңгі ел қорғаны, болашақ сарбаздардың жүрегін толқытатын ән болуы керек. Ол сонда ғана өміршең, сонда ғана жастардың сүйікті әніне айналады.


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30