Сен тұр - мен айтайын!

Боянып, "қуыршаққа" айналған қыздардың ішкі ағзасына жыл сайын 2,5 келі косметика енеді екен

  • Боянып,

    Боянып, "қуыршаққа" айналған қыздардың ішкі ағзасына жыл сайын 2,5 келі косметика енеді екен

Мың бояулы бойжеткен


Бүгінде боянбайтын қыз табу қиынның қиыны. Қасын теріп, кірпігін қайқайтады. Беті мен ерніне қызыл "жүгіртеді". Құдайдың бергенін місе тұтпай, бояуға бой ұрады. Мұның күнделікті өмірде қалыпты нәрсеге айналып кеткелі қай заман? Бірақ... Біреулер білер, біреулер білмес.

Күн сайын ерніне далап жағатын әйел өмірінде 5 келі далап "жейді" екен. Кейбір статистикада "жылына 3 келі жейді" деп жазылған. Соның кесірінен ағзаны воск пен парафин улай бастайды. Ерінге далап қана жағып қойса жөн ғой. Оны жылтырату үшін жылтырақ деген пәлені қоса сүйкейді. Ал ол жылтырағыңыз аударатын жүк көліктерінің тормозына құятын сұйықтық. Немесе мұздатқыштың антифризі! Одан кейінгі кезек кірпік пен қасқа келеді. Бойжеткендер көзі мен қасын баттастыра бояп, кейбір кемшіліктерді білдіргісі келмейді. Сол үшін арнайы тушь жағады. Ал тушьтің неден жасалатынын білесіз бе? Ол кәдімгі мұнай қалдықтарынан шығатын парабена екен. Сонда, қыздарымыз әдемі боламыз деп мұнайды көзі мен кірпіктеріне шылап алатын болып шықты. Қыз баласы шашын жуу үшін жылына 11 литр шампуньді пайдаланады. Көптеген шампуньға ең қауіпті силикон деген минералдық май қосылады. Бұл жағдай шаштың жиі түсуіне, бас терісінің зақымдануына әкеп соғады. Қазіргі косметикада химиялық заттың саны 13 мың. Оның тек 10 шақтысы ғана зертханалық тексеруден өткен. Ал әйелдер күн сайын бояна отырып, беті-басына орташа есеппен 168 түрлі химикатты жағады.

Қысқасы, боянып, "қуыршаққа" айналған қыздардың ішкі ағзасына жыл сайын 2,5 келі косметика енеді екен. Ал ол химикаттар дүниеге келер ұрпақ үшін аса зиянды дейді мамандар. Бары осы.

Арғы жағын өзіңіз саралаңыз.


Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30