Сен тұр - мен айтайын!

Бойымыздағы орыстар "комплекс неполноценности" деп атайтын ауырумен күресу керек

  • Бойымыздағы орыстар

    Бойымыздағы орыстар "комплекс неполноценности" деп атайтын ауырумен күресу керек

Қырғыздар шағын халық болса де ұлттық санасы жоғары, намысшыл халық ау деп ойлаймын кейде. Олар ана хакастарды жағалап "біз сендерге бауырмыз" деген түсінікті оларға кәдімгідей мықтап тұрып таңып жүр. Осы интернетте қырғыздың сібір халықтары туралы түсірген деректі фильмдері өріп жүр, бұндайды бір қазақ істемеген екен.

Және осы қырғыздардың біздің саудада, "стройкада"

жалпы қандай жағдайда жүрсе де өздерін өзі кемсітіп "сорлы қырғыз" деп өзін өзі ірегенін өмірі көрмеппін. Керісінше, бұлардың "маңқа" деп кімді айтатынын білемін. Олар да маңқалардың бұл сөзді көтеретінін біледі, сосын айтады.

Өзбек "мин узбекмин өзиме бекмин" дейді және осы өзбектердің өз халқы туралы жаман сөйлегенін ешқашан көрмеппін. Ешқашан.

Ал дені дұрыс орыс өз халқы туралы ешқашан жаман айтпайды. Керісінше олардың қандай ұлылықпен ауыратынын күллі әлем біледі.

Ал ана кавказ халықтары өз халқы туралы жаман сөйлейтін өз шіріген жұмыртқаларын бір бұрышта жайратып кетеді екен, оны да бәрі біледі. Шәміл имамның "кішкентай халыққа үлкен қанжар керек" деген сөзі бар еді, бұл кавказдықтардың намысы қанжардай, рас ол. Былай қарасақ осы халықтардың басындағы проблемалар тап біздің басымызда да отыр.

Жақында Ошақбаев деген орыстілді қандасымыз "қазақты іштей іреп, ауызына келгенін құсатын осындай арамыздан шыққан бейпіл ауыздардан қорғау үшін арнайы заң қабылдау керек" деген бастама көтерген болатын, ол да бұндай сорлылықтан әбден мезі болған болу керек. Мен де осы бастаманы қызу қолдаймын, бізге осы мәселе бойынша арнайы заң керек және осындай заң бойынша бұндай керітатпалар дереу тұтқындалып, сотқа тартылып, сот шешімімен бір мерзімге көше сыпыруға айдалып, жазалануы тиіс.

Себебі, бұл біздің бойымыздағы орыстар "комплекс неполноценности" деп атайтын ауырумен қалайда күресу керек. Өкінішке орай біздің ұлттық диагноз осындай боп отыр.

Әйтпесе кезекті керітартпалар шыға кеп өз халқы туралы бір боқты тастап жіберсе бұған біздің қоғам шындық деп бас шұлғып, әбден разы боп, ұлардай шулап боққа шомылуын тоқтатар емес.

Бұл жерде тағы бір таңғалатын жайт осы айтқыштардың біреуінің де қазаққа жағатын күйесін жағарда нақты мысалмен "мен сондаймын", "мен андаймын" деп өзінің атаулы кемшіліктерін тізгенін көрмеппін, әлде бұлар қазақ емес пе..

Қысқасы, бізге арнайы заң керек.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 597    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.10.2018, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31