Сен тұр - мен айтайын!

«Бір қорап арсыздық»

  • «Бір қорап арсыздық»

    «Бір қорап арсыздық»

Бассейнге барып жүрген бір жылдық абонементімнің мерзімі тура 15 мамыр күні бітті. Жалғасын үзбей тағы бір жылға абонемент сатып ала қоюдың мәні жоқ. Неге десеңіз, оразаға дейін 13-ақ күн қалып тұр. Бұл мерзім ішінде көп болса 5-6 рет жүзуге барармын. Ораза тұтқан адамға бассейнге баруға болмайды. Ораза айты өте салып, бұйырса Еуропаға курортқа аттанам. Барып келем дегенше тағы бір ай өтіп кетеді. Бассейін әкімшілігі екі айдың бір айының ғана мерзімін созады. Келісім-шартта солай жазылған. Қалған уақытта келмеген күндеріңіз «күйіп» кетеді. Демек келесі жылдың абонементін тамыз айынан бастап алсам да болады. Оразаға дейін бір реттік қызмет ақысын төлеп бара тұрармын деп шешкем. Бірақ қызметтің күндік ақысы қымбат – 4000 теңге.

Маған өзінше жақсылық жасағысы келген болар, бассейнге бірге барып жүрген бір танысым «тиімді» ұсыныс жасады. Фитнес клуб директорын жақсы таниды екен. «Бір қорап шеколад апарып, ақырын сөйлесіп көрейік, біткен абонементіңді оразаға дейін созып береді» демесі бар ма. «Жең ұшынан жалғасқан жаныма жақпайды» деп, ұсыныстан бас тарттым. «Не деген әпенде едің! Бір қорап шеколадта тұрған не бар?» деп, танысым мені түсіне алмады. Ал мен «бір қорап арсыздықтан» бас тарттым. Ақшам болмай бара жатса, бармай-ақ қоярмын бассейнге. Есесіне ұйқым тыныш. Теңіз тамшыдан құралады. Бүгін бір қорап. Ертең бір миллион. Ар табиғаты гүлден нәзік, тастан берік. Ара жігі тым күрделі...

Елді жайлаған парақорлықпен қалай күресеміз, адамдардың қалғып кеткен ар-ожданын қалай оятамыз деп бас қатырасыздар. Міне, «тірі» мысал! Әйтпесе өзімді періште етіп көрсетейін деген ойым жоқ. Әркім өз ішіндегі (бір қорап шеколадтан немесе бір миллионнан құралатын) үлкенді-кішілі әзәзілімен күрессін!

Ал мына "бір қорап тәтті ниетімді" бассейн директорына қор қылғанша Сіздерге ұсынайын деп шештім:)


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Тамыз, 13:40
    Кім кімді алдап жүр?
    9 Тамыз, 08:40
    Пырагырамма
    30 Шілде, 00:45
    Өмір жайлы бір мысал
    19 Шілде, 17:54
    КӨКЖАЛДЫҢ КЕГІ
    1 Шілде, 17:41
    50-60 ҚАЗАҚ КЕРЕК!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31