Сен тұр - мен айтайын!

Бір күні қарасам, әлгі әнші боп кетіпті. Жарып жүр кәдімгідей ...

  • Бір күні қарасам, әлгі әнші боп кетіпті. Жарып жүр кәдімгідей ...

    Бір күні қарасам, әлгі әнші боп кетіпті. Жарып жүр кәдімгідей ...

Бір оқиға айтып берейінші Сіздерге. Біраз жылдар бұрын болған. Агент дегеннің дәуірі жүріп тұрған кез. Мой мир мен агентімде біреу пайда болды бір күні. Мой мирда суреттерімді қарайды, агентте хат жазады. Қалымды сұрап. Мән бермей жүре бердім. Сол қалпы мән бермей жүре берер едім. Хаттары шошыта бастады. "Неге жауап бермейсің?", "Неге суық сөйлесесің? Менің өмір сүруіме аз ғана уақыт қалды. Осы аз күндерімде жылулық сыйлашы маған. Сөйлесші менімен", "Тыңдашы мені, жауап берші, қиналып жатырмын, өте аз уақытым қалды" деген хаттар. Мұндай хаттардан Марал әрине шокта. Сөйлесе бастадым. "Қал қалай?" десе, "жақсы. Өзіңіздің Қалыңыз қалай? Көңіл-күйіңіз қалай? Денсаулығыңыз ше?" деп, ренжітіп алмау үшін жаным қалмайды. "Қиын. Мына өмірді қимаймын" дейд. Мен аяймын. Сөздерінен жылағым келеді. "Не болды сонда сізге?" десем, "Қаным ағарып жатыр" дейді. Ол қандай дерт екенін де аса білмейм ғой мен мақау. Мамама айтамын "осылай да осылай, өте қатты науқас бір жігіт бар. Аз ғана уақыты қалыпты. Обал" деп. Мамам да аяп "Құдай-ай" деп күрсініп қояды. Содан күндер, айлар өтіп жатыр. Анау жігіт хат жазып, мұңын-сырын айта берді, айта берді. Мен тыңдай бердім, тыңдай бердім. Бір күні сұрадым "неге именно маған айтып жүрсің бүкіл проблемаңды?" деп. "Сені сырттай танимын. Театрда көргенмін" дейді. "Бүгін көрдім сені, мені танымадың" дейді, "енді жаныма неге келмедің?" десем, "науқас түрімді көрсеткім келмейді" дейді ғой. "Өмірді қайта бастасам, сенімен бастар едім" дейд әлгі. "Қызық адам екен" деп ойлап қоямын. "Жазба маған" деп ұрсып тастайын десем, "науқас қой, ренжітпейін" деп өз-өзімді тоқтатамын. Айтқан әндерін жібереді "тыңдашы" деп. Дауысы мықты, әндері әдемі. "Жақсы, әдемі" деп мақтап қоямын. Көңілі көтерілсін деген оймен. Өйткені, тым-тым қатты мұңайып жазатын хаттарын. "Науқас екенім белгілі болған кезде әйелім тастап кетті, екі кішкентай баламды жақсы көремін" деп, тіпті драма болды. Барлық әндерін тыңдатты, бүкіл өмірін айтып берді. Уақыт өте келе, хаттар тоқтады. Анда-санда "не болды екен? Неужели кетіп қалды ана жаққа. Обал-ай. Жап-жас жігіт" ойлап қоямын. Бір күні қарасам, әлгі әнші боп кетіпті. Жарып жүр кәдімгідей. Басында ол деп ойламадым. Бір күні ютубта алдымнан шықты. Анықтап қарасам, сол. Сабазың ызбезда. Науқасынан жазылды ма, әлде мені алдады ма, білмейм. Егер, науқасынан жазылса, қуаныштымын, әрине. "Өте аз уақыт қалды. Жауап берші. Жылулық сыйлашы, жаным ауырып жатыр" деп сонша трагедияға батырып еді... Не болса да, бақытты болсыншы өзі.


Марал Арғын

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2638    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 21.01.2018, 17:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28