Сен тұр - мен айтайын!

Біреулер ас береді, артынан арақ береді

  • Мықтыбек Оразтайұлы

    Мықтыбек Оразтайұлы

Құдайы ас беру демекші, бір жеңгемнің баяндаған әңгімесі есіме түсіп отыр, сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Ертеректе айналасын шақырып, ас беріп, әруақтарға құран бағыштапты. Сонда, келген кісілердің арасында біреуі масаңдау екен, яғни, арақ ішіп алған. Үйіне келген адамға кет деп айту ауылдың салтында жоқ нәрсе. Қызулау қонақтың өзі ұялып кете қоймайды да, тамақ берілген кезде ол да елмен бірге бұйырған дәмнен ауыз тиеді. Астан соң бата қайырылып, құран оқытылады. Сосын, қонақтар үйді-үйіне тарқайды.

Сол күні жеңгейдің түсіне әлдеқашан өмірден өтіп кеткен енесі кіріпті. Ренжіген адамдай теріс қарап отыр екен.

- Апа, бері қарасаңызшы, - дейді бұл. Сонда енесі:

- Бізге арнап ас бергеніңді қайтейін, арақ қосып беріпсің. Ниетің қабыл болмады, - деген екен жәй ғана...

Көрген түсіне жеңгейдің өзі де таң қалады. Айналасындағы үлкендеу кісілердің бірімен ақылдасады да, дереу жеті шелпек таратып жібереді.

Мықтыбек Оразтайұлы

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1360    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 12.11.2014, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28