Сен тұр - мен айтайын!

Біртанов пен Сағадиев бәрін саусақпен тексеріп шығып па?

  • Біртанов пен Сағадиев бәрін саусақпен тексеріп шығып па?

    Біртанов пен Сағадиев бәрін саусақпен тексеріп шығып па?

Қазақстан балаларынан арсыз бизнес жасау шамамен 2006 жылы басталды-ау деймін. Сол жылдары "Валеология" деген бәлелі ілім оқытылды, қиярға мүшеқап кигізіп үйрететінін естіп, тала жаздап едік. "Тұжырым", "... кім?" хабарларында мәтінін талдап, министрлікке бір парақ хат жолдадық, себебі, ана кітап қып-қызыл порногрфиялық тілмен жазылған еді. "Кез келген размер сия береді... ләззат аласың.. т.б." Оқыған бала "давай, істеп көрейікші" дейтіні анық. Содан ел қарсылығына ұшыраған жаңағы кітаптың мазмұны 2008 жылы біраз өзгерді. Ал 2009 жылы дарынды балаларға аралған мектепте сексуалды мултиктер көрсетіліп жатқанын біліп, тағы мәселе қозғадық. Жанар Байсемізова сюжетке түсіріп, көшіріп әкелген "мультфильмдерді" көрген журналистердің төбе шашы тік тұрды. Мектепті "тәрбиелеп" жатқан Анна ханым мен көмекшілерін эфирге шақырып, Aya Ramazan тас-талқан етті. Мектеп директоры маңайламай безіп кеті, "қоқайғаны" мен "сопайғаны" бар шетелдік мультиктердің заңсыз көрсетілгені белгілі болды, тиым салынды. Одан беріде біреулердің балалар мүшеқабын бизнес еткелі жүргенін байқаймын, мысалы, осы тақырып 2012-ден қозғалып келеді. Үш жыл бұрын Тереньтева деген психолог Қазақстанда балаларға арналған жыныстық тауарлар пайда болатынын мәлімдеп "сүйіншілеген". Жоғары сыныптағылардың 70 пайызы "бұзылған" дегенді дәл сондай мамандар жиі айтады:

70 процентов подростков от 12 лет и выше уже занимаются сексом. Подростковые презервативы отличаются от обычных изделий меньшим диаметром (45 мм против 55 мм). Длина стандартная — 190 мм, — говорит Терентьева."

Дәл осы статистиканы 2018 жылы БҒМ мен ДСМ қайталап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры Айжан Есмағамбетова: "Біздің зертеуімізше, жастардың 70 пайызы алғашқы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін, яғни мектепте жүргенде-ақ түсіп үлгереді".

Қайдағы зерттеу, емханаларда анализ алуды, яғни, боқ пен зәр жинауды реттей алмай отырған министрлік бір миллион оқушының денсаулығын қарады дегенге сене аласыз ба? Қазақтың қаршадай қыздары туралы бұлай сөйлейтіндей Біртанов пен Сағадиев, анайы сөзді кешіріңіздер, бәрін саусақпен тексеріп шығып па?

Жағымсыз оқиғалар барын жоққа шығармаймын, бірақ, бар бала сондай дегендері - сұмдық. Статистикамен үрейлендіру арқылы бизнес жасау бізде жиі тәсіл. Мысалы, соңғы төрт жылда барлық көлікте (Ш) белгісі болсын, балалар орындығы болсын, срошно істемегеннің бәрін оңдырмаймыз, апат көбейді, аттан! - дегенді көрдік. Дөңгелектің бүрі болсын, болмасын (Ш) жапсырдық, үш адам отыруы тиіс артқы орындыққа баланың үш орындығын сыйғыза алмай әбігер болдық. Әлгі орындықты сататындардың саудасы жүрді дейсің. Бірақ, осы абсурд талап аяғында тым-тырыс бола қалды. Үкімет мүшелерінің мүшеқаппен "қаруланып" балаға тисуінен осындай бір айтақтың исі мүңкитіндей...


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1761    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.12.2018, 09:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31