Сен тұр - мен айтайын!

Бүгін грант тізімінде болмасаң да, ертең Forbes тізімінде боласың!

  • Бүгін грант тізімінде болмасаң да, ертең Forbes тізімінде боласың!

    Бүгін грант тізімінде болмасаң да, ертең Forbes тізімінде боласың!

Қадірлі грантқа түспеген досым! Бүгін грантқа түскендердің тізімінен өз есіміңді таппай, өмірге налып, баз кешіп, сағың сынған болар. Жалғанды әділетсіз санап, өмір тоқтағандай күй кешіп отырғаныңды білемін. Сәтсіздікті бақытсыздыққа балап, болашағым бұлыңғыр, келешегім көлеңкелі деп ойларсың. Бірақ бұл мына өмірдің кішігірім сынағы ғана. Тағдыр сені әлі талай сынайтынын, сынағанға шын мықтылар шыдайтынын ұмытпа. Бірінші сүрінгеннен бас тартса, әлем талай ұлылардан айырылар еді. 302 мәрте қаржы сұрап барып, 303-ші талпынысында ғана демеуші тауып, мультфильм түсірген Уолт Диснейді, 38 ойында қатар жеңіліп, ақыры спорт залға түнеп, дайындық жүргізіп, әйгілі болған Майкл Джорданды еске бір ал. Үшінші талпынысында ғана кино академиясына түсе алған Стивен Спилберг, бірінші сәтсіздігінде қолды бір сілтегенде, әлем керемет режиссерден айырылып қалар еді. Төртінші талпынысында ғана президент болған Абрахам Линкольн, бірінші жеңілісінде өз арманынан бас тартса, АҚШ бәлкім әлі құлдық жүйе негізіндегі, тоталитарлық ел болар ма еді. Сондықтан арманыңнан бас тартпа. Бүгінгі сүрініс, ертеңгі үлкен секірістің белгісі. Оқы, оқи түс. Еңсең түспесін. Уақытыңды құр жіберме. Сонда ғана келер жылғы білім бәйгесінде оқ бойы озық келесің. Бүгінгі грант иегерлері арасындағы тізімінде жоқтығың, бәлкім ертең сені Forbes тізімінен шығаратын жігер, талап, намыс сыйлар. Бастысы бетің қайтпасын!


Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 792    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 13:31
    ЕРКЕКИ ЫНТА
    3 Желтоқсан, 12:29
    Мен бүгін жарылдым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31