Сен тұр - мен айтайын!

Бұл дүниеден жұмақ таппағандар о дүниедегі жұмақты аңсайды

  • Бұл дүниеден жұмақ таппағандар о дүниедегі жұмақты аңсайды

    Бұл дүниеден жұмақ таппағандар о дүниедегі жұмақты аңсайды

Бұл дүниеден жұмақ таппағандар о дүниедегі жұмақты аңсайды. Жаратушыға деген сенімнің негізінде өміріндегі кездескен қиындықтарға сабырлықпен қарап,болашаққа үміт артатындардың қатарын есепке алмағанда, адамдардың дінге бет бұруына негізгі себебі әлеуметтік мәселелер мен қоғамдағы әділетсіздіктер болып табылады. Өмірде өз орнын таппай, уақытында не білім ала алмай, не әскерге бара алмаған жастар базар мен құрылыстарды жағалап жүріп деструктивті діни ағымдардың қармағына оп-оңай түсіп қалды. Екі қолға бір күрек іздеп сенделіп жүрген жастар жұмыссыздық пен қымбатшылық, баспана, ажырасу мәселелерінде шешімін таба алмай жүріп теріс діни ағымдардың ықпалында шырмалып қалды. Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен жекелеген адамдармен кездесіп, олардың өмір жағдайларына саралау барысында теріс дінге тоңып секіргендердің қатарының көп екендігіне көз жеткіздік. Ал тойып секіретіндердің қатары мейілінше аз. Сырт бейнесінде қауға сақал мен қысқа балақ шалбар киіп, саудасының көрігін қыздырып, жеке кәсібін жүргізіп отырғандар үшін қоластындағылардың діни көзқарасы- тек арзан жұмыс күшін пайдаланудың тәсілі ғана. Яғни "ақиларының" қол астында нәпақа тауып жүріп "өлсем де өкіметке жұмыс істемеймін" дейтін принципты ұстанушылардың ешқайсысының қазіргі тұрмысына қанағаттанушылық байқалмайды. Сондықтан мемлекет тарапынан олардың діни көзқарастары мен сыртқы бейнелеріне қарап бөліп жармай-ақ, лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы бұл мәселені шешуге болатын сияқты. Қалай ойлайсыздар?


Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1022    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31