Сен тұр - мен айтайын!

Бұлардың мақсаты адамның миын улап, ақшасы мен алтын уақытын сыпырып алу

  • Бұлардың мақсаты адамның миын улап, ақшасы мен алтын уақытын сыпырып алу

    Бұлардың мақсаты адамның миын улап, ақшасы мен алтын уақытын сыпырып алу

Қызық болды... Кеше кешке үлкен қызметтің құлағын ұстап жүрген таныс біреу хабарласып, сенің қолыңнан келетін бір бизнес бар, ертең "Астана төртке" келе аласың ба деді. Келісіп, сау бол айтысқаннан кейін "Лишний доход никому же не мешает" деп сөзін түйіндеді.


Содан таңертең "о не деген батпан құйрық" деген оймен айтқан жеріне жетіп бардым. Не аты, не белгісі жоқ офис екен. Есігінде ғана "вытирайте ноги" деген ескертуін көзім шалды. Ішке кірдім. Бір бөлме. Қабырғаларында төрт-бес сертификат, фотосуреттер ілінген. Әлгі мені шақырған кісі құшақ жая қарсы алып, жанында отырған екі-үш жігітпен таныстырды. Мән бермегендіктен бе, аттарын есіме сақтамадым. Ішінен біреуі ерекше ілтипатпен жүріңіз деп, қуықтай бөлмеге кіргізді. Төрт орындық, бір үстелден басқа түк жоқ. Кинодағы "следовательдер" сұрақтың астына алатын жер сияқты. Төрге жайғастық. Неге шақырғанын ішім сезді. Қарама-қарсы отырған қара торы жігіт; "Сізге қазір әріптсесім бәрін түсіндіреді, кедергі болмас үшін телефоныңызды өшіріп қойыңыз" деп сырттан біреуді шақырып келді. Ол қарсы алдыма отырды. Таныстық. Не деген мәдениеттілік, сыпайылық...


- Не үшін келдіңіз, - деп сұрағының тиегін ағытты.

- Ақша табу үшін, - деп турасын айттым.

Кешегі "лишний доход никому же не мешает" деген адам жанымда отыр.

- Олай болса біздің компания туралы естідіңіз бе? - деп алдында жатқан папкасын ашты. Бірінші бетіндегі "QNet" деген жазуды көріп, күліп жібердім. Мырс еткен күлкім көп нәрсені аңғартты ғой деймін оларға.

- Білемін, естігенмін - дедім...


Осыдан төрт-бес жыл бұрын ғой деймін, таныс бір мұғалім; "ойбай, "QNet" деген компания бар екен, ақшаның астында қаласың, келіп лекциясын тыңдашы" деген. Көңілқимастықпен бе, әлде бір үмітпен бе барғам. Дәл осындай атауы жоқ офис, дәл осындай жаттанды әңгіме. Ол кезде күдіктен гөрі арман басымдау болатын. Сол кезде қысқасы "брендовый" бір зат сатып аласың да, астыңнан адам жазасың ба, бірдеме... Содан команда болып жұмыс істейсің, ақша деген "аспаннан жауады" дегенге келтірген. Сол таныс мұғалім; "Кіріп ал, өкінбейсің, мен міне Мальдиваға барайын деп жүрмін, "Мерседес Гелинваген" алайын деп жатырмын" деп бар арман-жоспарын жайып салған.

Одан бері төрт-бес жыл өтті ме? Өтті. Әлгі мұғалім әлі жаяу жүр. Мальдива түгілі Астанаға жете алмай бара алмай жүрген))))) Менің түсінгенім, компания адамды армандатып, миын улап, ақшасы мен алтын уақытын сыпырып алу сияқты. Бұл бір ғана мысал. Сол кезде армандап жүрген таныстарымның біразы әлі армандап жүр. Солардың ішінен байып, үй салып, "Гелинваген" мініп жүрген біреуін көрмеппін.


Бүгінгі кездесіп отырған компания қызметкерлеріне де тура осыны айттым. Сөйтсем мұрттары майланып, байлықтан бастары айналып, шетелде демалып жүргендер бар көрінеді. Қабырғадағы фоталар солардыкы екен. Сенгендей болып, қарсы алдымда жарнама жасап отырған жігіттің өзіне сұрақ қойдым.

- Осында істеп жүргеніңізге қанша болды?

- Жеті ай, - деді көзіме тік қарап...

- Сізден ақша сұрайын деп отырған жоқпын, бірақ осы уақыт ішінде қанша таптыңыз?

- Ммм, есептеген жоқпын, - деді.

- Жарайды, ауыз толтырып айтатындай не сатып алдыңыз? - деп сұрақты басқа қырынан қойып көрдім.

- Машина, - деді мақтанышпен.

- Қандай? - деп мен де болмадым.

- Жаңа деп айта алмаймын, бірақ 800 мың теңгеге "Мерседес" алдым, - деп тарқатып айтқансыды.

Түсінгенсіп басымды изеп, тағы бір сұрақ қоюға оқтала беріп едім, анау әңгімесін жалғай кетті.

- Бұрын военный болып істегенде "шохамен" жүретінмін. Осы жақта пайда барын біліп, пагонды тастап, бизнеске келдім. Шетелде демалып жүрген достарым бар. Сіз бізде істегіңіз келсе бір апта оқып, кәсіп бастайсыз, - деп әңгіменің ауанын қайта бағанағы арнаға бұрмақ болды.

- Кешіріңіз, "Күйнетті" мың жерден жарнамаласаңыз да менің көзқарасымды өзгерте алмайсыз. Ол үшін менің айналамдағы адамдардың ойын өзгерту керек. Қазір әріптестеріме, жолдастарыма осы компания туралы айта бастасам күле қарап, қолдарын бір сілтейді. Бірінші айналадағы адамдарға түсіндіріп, жарнамасын жасайық пажалыста. Ал оларды сендіру үшін осыдан жетістікке жеткен адамдармен кездесейік, сөйлесейік, қол жеткізген баспаналарын, мініп жүрген көліктерін көрейік, - дедім.

- Жақсы, кездестірейін, - деді әгі жігіт.

Қол алыстық. Шығып бара жатып;

- Офистің маңдайына менмұндалатып "QNET" деп жарнамасын неге жасап қоймайсыздар? - деп тағы бір сауал тастадым.

- Оның рұқсаты, налогы бар, анасы бар, мынасы бар, - деп шұбалаңқы әңгімесін қайта бастағанда мен есікті ашып шығып бара жатқам... Білем, мұнда келгендер күреп ақша тапсам деп армандайды, үміттенеді... Бірақ бүгіні күмәнді, ертеңі тұманды әзірше. Байып кеткендермен сөйлесіп, көз жетіп жатса онысын да көреміз... Ең бастысы рухани бай болайықшы.


PS: Журналистік зерттеуге сұранып-ақ тұрған тақырып. Жіліктеп жазып, ақ-қарасын анықтауға болады.


Merey Qainaruly

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1006    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 12:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30