Сен тұр - мен айтайын!

Бұтына жіберіп қойған бала құсап су-су қалпыммен шыға салдым

  • Бұтына жіберіп қойған бала құсап су-су қалпыммен шыға салдым

    Бұтына жіберіп қойған бала құсап су-су қалпыммен шыға салдым

Бір бөлмеде төрт адам жатамыз. Қасымда бір шал бар. Сол шал айтады. 17 жасымда оқуға кеткем, жатахқанада тұрдым, одан кейін әскерге бардым деп.

Кезінде студент болғаны, әскерде болғаны көрініп тұр.

Тазалығы қатты, киімдерін бүктеп әдемілеп жинап қояды. Ыдысын да өзі жуады.

Жалпы бұрынғының жігіттері де, қыздары да бой-басын таза ұстаған сияқты. Киімді де жарасымды сәнді киген. Романтик болған ғой. Әскерге бару, қызға бару да романтикаға толы еді.

Әскерге барып келген ағаларым бой-басын таза ұстап, сақал-мұртын қырып, киімдерін өтектеп отыратын. Кішкентай пәтерде заттары тап-тұйнақтай жиналып тұратын. Маған ұрсатын, киіміңді өтектесейші, сақалыңды қырсайшы деп.

Мен ауылдық стильдегі жабайылау адаммын ғой. Байғұс шалбарларым өтектің не екенін білмей өтетін шығар. Әлде өтектемейтінімді біліп қыртыстанбай ма әйтеуір қыртыстанған емес.

Өтек демекші қазіргі заманның су құятын өтегін қолдана алмайтын болып шықтым. Әнеукүні Асылзаттың кешіне сәнденіп киініп бармақшы киім өтектегем. Фб-шниктер жиналады ғой шалбарым қырымен тұрсын деп ойлап едім. Бүкіл суы шалбарыма төгіліп, бұтына жіберіп қойған бала құсап су-су қалпыммен шыға салдым, барғанша кепті ғой әйтеуір. Үйде сәбетски өтек бар, сонымен өтектейтінмін.

Негізі концерт, тойларда ұзақ отыруға шыдамым жетпейді. Бірақ осы жолы үйден кептіріп келгесін мыңқ етпей отырдым ғой. Мен өзгелері шыдамай қайта-қайта сыртқа шығып келді.

Айтайын дегенім ол емес.

Қасымда биыл мектеп бітірген бала бар. Ұқыпсыздау, әрі тәрбиесіздеу екен. Ыдысын жууды білмейді. Заттары да шашылып жатыр. Ағасына сеніп қалған біреу. Осылар өз бетінше оқу, жұмыс іздемек түгіл қара басын алып жүре алмайтын шығар. Бір айттым, екі айттым, заттарыңды жина деп. Тыңдамай өзіме қарсы сөйледі. Шыдамай қол жұмсап жібердім.

Баяғы кездің ұл-қыздарының өмір-салты қалды ғой қазір.

Қыздар жыртық киіп, ұлдар тыртиған киіп жүр ғой. Бойларынан еш романтика көрмеймін.


Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2234    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

жұма, 22.09.2017, 21:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28