Сен тұр - мен айтайын!

Былай қарасаң қарапайым қағида, бірақ көп адам осы қателікті қайталайды

  • Былай қарасаң қарапайым қағида, бірақ көп адам осы қателікті қайталайды

    Былай қарасаң қарапайым қағида, бірақ көп адам осы қателікті қайталайды

Үржарға үлкен ағамның інісі бір жылы күнбағыс екті. Елдің көбі күнбағыс егіп жақсы табыс тауып жатыр екен, мен де көрейін деп шешкен екен. Бірақ шығынға белшесінен батып, қарыздарын қайтара алмады. Көптеген адамдар бір істі ойға алып алады да, соған керемет сеніп, енді бастап кету үшін қалай да қаржы табуға кіріседі. Барын салып қарызға алады, үйін, көлігін кепілге қойып кредит алады.

⚡⚡⚡

Осы кәсіп адамның миына әбден кіріп, өзі де керемет сеніп, елді де соған иландыруға тырысады, көбі иландыра да алады.

⚡⚡⚡

Күнбағыс еккен жігіт неге қателесті?

Алдымен жерді мұқият таңдап алу керек еді. Бұған да үлкен біліктілік керек. Содан кейін тұқымды дұрыс таңдау керек болатын. Оның өзі бір ғылым.

Қарапайым көрінгенімін кез келген дақылдың егу, өсіру, жинау, сақтау, сату технологиясы бар. Соны іс жүзінде меңгеру керек еді.

⚡⚡⚡

Қорытынды:

Алдымен істейтін шаруаң жайлы білім жинап алу керек. Содан кейін ақша іздеу керек. Істің барлық қыр – сырын зерттеп меңгеріп алу қажет. Біреу істеп жатқанда оп-оңай көрінуі мүмкін, шын мәнінде оның “нюанстары” жетіп артылады.

“Закон малого начала” не “Закон фермы” деген заңдылық бар. Бірден 100 сиырды сатып алуға болмайды. Бірден 1000 гектарға өнім егіп кетуге болмайды. Аздан бастап қыр-сырын меңгеріп алып, содан кейін көлемін ұлғайтуға тырысу қажет.

Былай қарасаң қарапайым ғана қағида, ал қаншамамыз осы қателікті қайталап жатамыз, қайталап жатамыз?

⚡⚡⚡

Қорытынды:

Білмеген істің қыр-cырын зерттеп алмай, ол қандай оңай көрінгенмен, пайдасы қаншама шаш-етектен болатын секілді көрінгенмен кірісе көрмеңіз. Бірақ созып та жүріп алмаңыз. Зерттеңіз алдымен, содан кейін аз-аздан бастап кетіңіз. Ары қарай үлкейте жатасыз.


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1210    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 09:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31