Сен тұр - мен айтайын!

Былқ-сылқ еткен қылығымен еркек біткеннің есін шығарғысы келетін

  • Былқ-сылқ еткен қылығымен еркек біткеннің есін шығарғысы келетін

    Былқ-сылқ еткен қылығымен еркек біткеннің есін шығарғысы келетін

Шашын духовкаға тығып алған секілді сап-сарыға бояп алған. Сары болғанда да жағымсыз сары. Өзі де сары, көзі де сары, Сарыларды сол сары қыздан кейін ұнатпай кеттім білем. Қайда жүрсем де, алдыма түсіп алып, жоқ жерден киліге кететін жағымсыз қыз еді өзі. Мұрын симайтын тесікке басын тығып әуреленетін де жататын. Енді міне мені сүйген, мені ұнатқан жігіттің асты-үстіне түсіп, одан сайын зығырданымды қайнатқаны. Қыз қылығымен деуші еді. Сүйкімсіз болса да, қылықты өзі. Жігіт көрсе жырпылдап, болмашыға сықылықтап күліп, былқ-сылқ еткен қылығымен еркек біткеннің есін шығарғысы келетін. Ондайлар әдетте момын аңқаулардың ауызындағысы мен қолындағысын жырып әкете қоятын әдеті емес пе.? .

Қызға кім көз салмайды, қымызды кім ішпейді дегендей, қыз болып сызыла бастағанда тапқан жігіт еді. Әлемде жігіт құрып қалғандай, сары сайтан қыз оны да құрығына ілмек болды. Өзімен өзі тұрған жігіттің мойнына тәлпіштеніп асылғанда Ішіме қызғаныштың қызыл иті кіріп кеткендей тістенетінмін. Дуэлге шыққым келді тіпті. Пистолет пен садақты кім беріп қойсын бізге? Әрі қазақ қыздарына жігітке таласу деген ерсі қылық. Басқалар таласса таласатын шығар. Дәл менен ондай қылық шықпайды. Бұйырмаған да деп бейқам отыра беремін.

Сары қыз тартып алғалы жүрген жігітпен хат жазысу арқылы табысқанбыз. Сол жігіт бір күні отырысқа шақырды. Арасында әлгі сары шолжақай да бар. Өзімше болып қысқалау көйлек киіп алғанмын. Сары қыздың қасында бойым анағұрлым ұзын, әрі жіңішкелеумін. Албасты десе албасты екен.Әдейі сөмкесін сермеген болып, шұлығыма дәл тигізгені. Сөмкенің бір ілмегі ілініп, киіп алған капрон сетінеп жыртылды да қалды. Мына түріммен барсам күлкіге ұшыраймын. САры қыз соны күткендей жаны ашыған болып үйінен мамасының ұзын қызыл юпкасын әкеліп кигізе қойды. Белін екі қайырып амалсыз киіп алдым. Ақымақпын ғой. Вечерге бармай-ақ қойсам нем кетер еді. Жоқ мен бармай қалсам, ана жігітті Айзада иемденіп алардай өшіктім емес пе? Қойшы сонымен не керек қызыл юпкамен де отырыс көңілді өтті. Сөз салған жігіт әнгімешіл болып шықты. Қозыкөрпеш пен Баян сұлу, Қызжібек пен Төлеген тағы да басқа ғашықтар туралы көп айтқанда сүйсінетінмін. . Кейін оның оның әнгімесінен жалығып, мылжың ба, деп іштей ренжуді шығардым. Аздап қиялилау сияқты. Сары шашты қыз Айзаданың қылығын жақтырмаймын деп ақталатын арасында. Ондайда мен мәз боламын. Айзаданы қойшы. Шошақай қыз. Жігіттер қауыммы әдетте салмақты қыздарды жар етеді ғой. Ал жігіт әйелден естілеу, әйелден батылдау болу керек. Ақыры мені ұнатады екен. Жігіттер ұқсап сезімін дұрыс білдірсеші.Хатта сүйем-күйем, сен болмасаң өлем дегененнен кейін ауызша жақ ашқан жоқ. Саусақтың ұшынан ұстап алып, атам замандағы Аристотель туралы айтқанда шынымен тормоз екен деп қалдым. Жігіт деген былай қызды кафеге шақырып, әдемі -әдемі сөздер айтпаушы ма еді, Содан кейін Аристотеліңді айтасың ба, Сократты айтасың ба айта бер. Адамның өзі әке-шешесінен зорға сұранып шыққанда, е ары емес, е бері емес, саусақтың ұшынан ұстап алып құрбақа мен тасбақаны зерттейтін ғылым туралы айтқаны қай сасқаны?

Құрбақа мен тасбақа махаббат болмайды. Әнгімесін шорт кестім бір күні.

-Сен мені кездесуге не үшін шақырдың?

Жүріп-жүрміз емес пе деп қипақтап қалды.

-Үйленесіңбе маған?

-Үйленем, әрине үйленем, екеуміздің тойымыз болады.

қанша бала болғанын қалайсың?

Мен он бала болғанын қалаймын. Сен солардың бақытты анасы боласың.

Мына сөзіне кәдімгідей ішім жылып қалып еді, ол кәдуілгі әдетіне басып,

-Сосын ұйғырдың пәлен деген ғалымы ше деп бастай бергенде ашудан қалшылдап кеттім.

Не айтып, не қойғанымды білмеймін. Әйтеуір орыс класының қыздарынан жаттап алған бір екі орысша бұзықтау сөздермен төпелесем керек.

Ұрысып тындық. Кетіп қалдым. Сол кеткеннен мол кеттім.

Кеткенім де дұрыс болды. Өкінбедім де. Ал ол болса Айзаданы қаратып алды. Әлде Айзада қаратып алды ма ол жағын чёрт знает. Бірақ Айзадаға да керегі сол еді.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3752    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.04.2018, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31