Сен тұр - мен айтайын!

Былтырғы жылғы жағдайдан кейін, Мықтыгүл менi кiсен салып ұстаса да «корпоративке» жiбермейтiн шығар...

  • Былтырғы жылғы жағдайдан кейін, Мықтыгүл менi кiсен салып ұстаса да «корпоративке» жiбермейтiн шығар...

    Былтырғы жылғы жағдайдан кейін, Мықтыгүл менi кiсен салып ұстаса да «корпоративке» жiбермейтiн шығар...

Жаңа жыл жақындаған сайын, былтырғы жылғы «корпоратив» есіме түсе береді. Дәл 31-інші желтоқсан күні кәллектип болып жиналып едік-ау! Бұрын «корпоратив» дегенге кiм барып көрген, шынында керемет екен! Қызметтес қыз-келiншектер қосақтарын ертпей, өздерi ғана келiптi. Тәртiп солай көрiнедi. Мен де «бойдақ» болып барғанмын. Сонымен не керек, жаңа жылды, қазақша айтқанда, әкесiн танытып тұрып тойладық. Бәрiнен қызығы, мен қасқыр болып, директордың хатшысы сылаңдаған Сұлубике қоян болып киiнiп, екеумiз қуысып ойнап жүрiп, қалың жұрттан бөлiнiп кетiппiз... Артынан бiрақ бұл қылығым үшiн директорымыздан қатаң сөгіс алдым...

Жарайды, оның бәрi өз алдына. «Корпоративтен» соң үйді-үйімізге тарамақшы болып далаға шықтық. Жайшылықта бастары бiр қазанға сыймайтын бiздiң ұжым ендi қайтып көрiспейтiн адамдарша бiр-бiрiмен қайта-қайта сүйiсiп, әрең деп қоштасқаны есiмде. Қазiр¬гiдей көз алдымда, жапалақтап қалың қар жауып тұрды. Аяқ астынан ақындығым ұстап кеткен мен баспалдақтың үстiне шығып алып, «жапалақтап ақша қар жауады тынбастан» деп, шатып-бұтып өлең оқыдым ғой деймiн. Содан кейiн әндетiп үйге қарай кетiп бара жатқанымды бiлемiн. Бiрақ құдай атып, орталықтағы саябақтың тұсынан өте бергенде, ақ¬қала болып үйiлген қардың бiр шетiне отыра қалып, азырақ қалғып кетiппiн. Әрi-берiден соң үстi-басын аппақ қар бас¬қан менi көше тазалағыш машина қармен бiрге жүк көлiгiне артып жiберсе керек. Әйтеуiр, шопыр жiгiт бiр құдайға қараған адам екен, қаланың сыртына шығып, үстiндегi қарды аударғанда, серейіп жатқан менi көрiп, өлген адам деп ойлап, мәйiтханаға әкелiп тапсырып кетiптi. Жаңа жылды қарсы аламыз деп дүбiрлесiп жүрген мәйiтханадағылар менiң өлi-тiрi екеніме қарамастан, бiр бұрышқа тастай салғанға ұқсайды.

Уақыттың қай мезгiл екенiн бiлмеймiн, әйтеуiр, қақаған суықтан қалшылдап ояндым. Айнала тастай қараңғы. Анау тұстағы бiр есiктiң саңылауынан жарық бiлiнедi. Солай қарай тәлтiректеп жетiп, ақырындап ашып едiм, ар жағында ақ халатты екi ер адам мен бiр әйел дастарқан басында өздерінше гуiлде¬сiп, жаңа жылды тойлап отыр екен. Тiптi жандарына келiп, сүмiрейiп тұрған менi байқар емес. Бұлай тұра берсем, олардың таң атқанша байқамасын сезген соң, өзiмше: «Кеш жарық!» деп дыбыс бердiм. Бергенiм бар болсын, жаңа жылға тiлек айтып тұрған келiншек сол тұрған орнында «гүрс» етіп құлап, ес-түссiз қалды. Ақ халатты еркектiң бiрi терезенi бұзып шығып, далаға қашты. Үстел басында қалған тағы бiрiнiң қашуға шамасы келмедi бiлем, тек қорқыныштан иегi дiрiлдеп, қолындағы рөмкесiн маған ұсына бергенi есiмде. Ана жақтан дiрiл қағып тоңып шыққан маған да керегi осы едi, алдым да тартып жi-бердiм. Менiң арақ iшетiн «аруақ» екенiмдi бiлген соң дәрiгер жiгiт тiптi қуанып кеттi бiлем, тағы бiр мәрте құйып бердi. Екi-үш рөмкенi қызыл өңештен жүремелете асырған соң, әлi де қорқыныштан есiн жия алмай тұр-ған дәрiгер жiгiтке ешқандай аруақ емес, өздерiн¬дей тiрi адам екенiмдi жеткiздiм.

Осы кезде есiме үйдегі Мықтыгүл түсiп, хабарласа қояйын деп телефон сұ-рап едiм, әжептәуiр қызыңқырап алған дәрiгер жiгiт:

– Телефон нөмiрiңiздi айтыңызшы, жеңгейден сүйiншiнi өзiм сұраймын, – деп өзеуредi. Содан бiздiң үйдiң телефонын терiп, «мәйiтханадан звондап тұрмын» деуi мұң екен, ана жақтан бiрдеңе «дүрс» етiп құлағандай болды.

Дереу такси шақырып, барлығымыз апыл-ғұпыл бiздiң үйге тарттық. Келсек, шынында да Мықтыгүл байғұс телефонның жанында серейіп талып жатыр екен. Оқиға былай болыпты. Мен кешiк¬кен соң ашуға мiнген бәй¬бiшем қаладағы емхана мен полиция бөлiмшелерiнiң бәрiмен хабарласып шығады ғой. Ешбiр жерде жоқпын. Ендi не iстеймiн деп есi кетiп отырғанда, телефон шырылдап, ар жағындағы адам «мәйiтханадан хабарласып тұрмын» дегенде, Мықтыгүл қанша мықты болса да, есiнен танып кеткен екен...

Сөйтiп, сол түнi бәрiмiз жаңа жылды бiздiң үйде қарсы алып, менiң о дүниеден аман-сау қайтып келге¬нiмдi таң атқанша «жудып» едік.

Міне, биыл да жаңа жыл мерекесі де жақындап келеді. «Шіркін, кәллектиппен «корпоративке» барып, көңiл көтергенге не жетсiн!» деймін іштей. Бiрақ былтырғы жылғы жағдайдан кейін, Мықтыгүл менi кiсен салып ұстаса да «корпоративке» жiбермейтiн шығар...


Сайлау Байбосын 




Көрілген: 1144    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 13:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31