Сен тұр - мен айтайын!

Біз бәріне төзе беретін сұмдық толерантты "терпила" болып кеткен сияқтымыз

  • Біз бәріне төзе беретін сұмдық толерантты

    Біз бәріне төзе беретін сұмдық толерантты "терпила" болып кеткен сияқтымыз

 Бала кезімізде айтыс бола қалса, елдің бәрі телебізірдің алдынан шықпайтын. Тауып айтылған теңеу мен тапқыр сөзге үлкендер жағы қозғалақтап қалып, «Әй, бәрекелді!» деп ақынның арқасынан қаққандай болып отырады. Өнерді бағалайтын, сөздің қадірін түсінетін буын болатын. Тоқсаныншы жылдардың тоқырауы халықтың осы таным деңгейін тым төмен түсіріп жіберді ме, білмеймін, қазір қайда қарасаң да болмайтын арзан әзіл мен есер әнге елітіп отырғандарды көресің. Айтыс да сондай шоуға айналып кетті. Жалпы, халық қандай болса, әншісі де сондай болады-ау деймін. Өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой, сахна мен театрды қандай «сақау» сайқымазақтардың басып алғанын. Баяғының талғампаз, кірпияз көрермені болса, олар осының бәріне жақтырмай қарайтын еді, жаратпай тастайтын еді. Қазір біз тамақ талғамайтын адам секілді бәрін «құлғыта» беретін болдық. Төреәлі де тура сондай «ақырзаманның» әншісі. Төреәлі әнші болғанымен, қайраткердің қатарына көтеріле алған жоқ. Сахнадағы сол сөзінен-ақ оның деңгейі қандай екені көрініп қалды. Халық та қызық. Боқтап, ұрсып жатса да міз бақпай, мелшиіп отыр ғой. Осы біз шынымен бәріне төзе беретін сұмдық толерантты терпила болып кеткен сияқтымыз. Мен бұл жолы Төреәлінің ғана емес, соны кәдімгідей қайраткер көріп жүрген халықтың да деңгейі қандай екенін көріп қалдым....


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 923    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

жексенбі, 24.12.2017, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!
    10 Қаңтар, 12:52
    Тоқал болғым келеді!
    31 Желтоқсан 2017
    Мен әлі қызбын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31