Сен тұр - мен айтайын!

Біз қашанғы өзімізді күлкіге айналдырамыз?

  • Біз қашанғы өзімізді күлкіге айналдырамыз?

    Біз қашанғы өзімізді күлкіге айналдырамыз?

Қазір екінің бірі басқаны білмесе де, "позитив" пен "негативті" біледі. Қабағыңды түйіп, көрінгенге мұң шаға берсең, кім жақтырсын, сондықтан өзіңді зорлап болса да жымиып жүруге, еш нәрсені білдірмеуге тырысасың. Бірақ позитивтің жөні осы екен деп, жырқылдап күле беру керек пе?

Айтайын дегенім, соңғы жылдары теларналар әзіл-қалжың, күлкі, әжуаға толып кетті. Салмақты бағдарламалар азайып, эфирді бірыңғай сатиралық хабарлармен толтырып жатырмыз, шыны керек. "Жайдарман", "Ду-думан", "Қызық times", " Түнгі студия", бұл тек есіме түскендері ғана... Қала берді "Алдараспан", "Шаншар", "Әзіл әлемі" тағы бар. Мереке күндері соларды береді.

Сосын кино түсірсек те, комедия дейміз де, өзімізді өзіміз кекетіп, мұқататын фильм түсіретін болдық: "Бизнес по казахский", "Келинка Сабинка", "Сиситай", Келинка тоже человек", (бұл да тек есіме түскендері ғана"...

Бұл не бітпейтін күлкі? Біз қашанғы өзімізді күлкіге айналдырамыз? Қашанғы жырқ-жырқ күле береміз? Езуімізді жиятын кез жеткен жоқ па?

"Көп күлген бір жылайды" деген бар ғой, соны ұмытқан жоқпыз ба?

Сонымен қатар көп күлу, көп қалжыңдау да адамдардан ұялмаудың көрінісі. Бұл туралы хазіреті Омардың (р.а.) мынадай сөзі бар: «Күлкісі көбейгеннің – сұсы азаяды. Көп қалжыңдасатын адам – келекеге ұшырайды. Кім нені көп істесе, сонысымен танылады. Көп сөйлеген адам – көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның – ұяты азаяды. Ұяты азайған адам –күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі» деген...


Mәриям Әбсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 657    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.04.2018, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30