Сен тұр - мен айтайын!

Біз тазармай – қоғам тазармайды

  • Біз тазармай – қоғам тазармайды

    Біз тазармай – қоғам тазармайды

 Бір редактор «Әй, мына билік іріп, шіріп кетті. Қазақтың түбіне жетті ғой. Қайран қазағым-ай, қазағым» дейтін. Шай ішіп отырсақ, әңгімесі тек биліктің ішіп-жегені, қанша жегені туралы болатын. Мен билікті ешқашан жақтамаймын және билікті жемқор деп санаймын. Бірақ әлгі билікпен алысып жүрген ағамыздың жұмысқа келмейтін туыстарының газеттің бюджетінен айлық алатынын бәрі білетін.  Бірақ солай бола тұра ағамыз биліктің ішіп-жегенін есептеп қоймайтын. Әлгі ағамыздың жеп жатқаны биліктің қасында салыстыруға да келмейтін шығар, бірақ шындық туралы айтуға моральдық қақысы жоқ деп ойлаймын. Кейбір ақындардың мүшәйрада қалай жүлде алғанын әдеби ортаның бәрі біледі. Бірақ олар да шындықты іздеп шаршағанын айтып, өлең жазып жүр.Менің түсінігімде, әр адам шындықты өзінен бастауы керек. Мысалы, ертең мен бір сайт ашсам, (салыстырмалы түрде, Мәскеуде тұратындықтан газет емес, маған сайт ашқан ғана тиімді дегенім ғой) мемлекеттен тендер алсам, інім мен сіңлімнің құжаттарын корректор не журналист етіп тіркеп қойып, оларға тендердің ақшасынан айлық беріп отырсам, бірақ өзім шындық, әділдік туралы айтып жүрсем мен қандай адаммын? Билікті өзгерту үшін алдымен өзіміз өзгеруіміз керек-ау. Мына сиқымызбен билігіміз өзімізге сай ма деп қорқам.  Біз тазармай – билік тазармайды. Біз тазармай – қоғам тазармайды.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 644    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

дүйсенбі, 18.12.2017, 20:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!
    10 Қаңтар, 12:52
    Тоқал болғым келеді!
    31 Желтоқсан 2017
    Мен әлі қызбын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31