Бізде адам да, өнер де, еңбек те бағаланбайды...

Бізде адам да, өнер де, еңбек те бағаланбайды...

Өткенде базарда сауда жасайтын бір қыз "Сіздер Қарағандыдағы бір мейрамхана армяндардікі екен" деп шулап жатсыздар. Осы Алматының қақ ортасына тұрған көк базарыңыздың да маңызды қызметтерінің тұтқасын өзге ұлттың өкілдері ұстап отыр ғой" деді. Олардың қожаңдап, кәсіпкерлерге күн көрсетпейтіні жайлы айтқан әңгімесі аса қызық емес, жарайды. Көк базар демекші, осыдан бір-екі жыл бұрын қызым жазғы демалысында Алматыдағы Орталық саябақта аквагриммен сурет салмақ болды. Ол кезде Өнер академиясында оқитындықтан "Бір жағы жазғы демалысымда, құры жүрмей, сурет салу машығымды жетілдірем, бір жағы тиын-тебен табам" деген соң қызымның ойын құп көріп, қолдау көрсетпек ниетпен саябақ қожайындарымен сөйлесіп көрмек болдым. Бір жерден "точка" ашып берсем деп ойладым. Сөйтсем, ол шаруа мен ойлағандай оңай дүние емес екен. Саябақтың ірілі-ұсақты жауапты адамдарын іздедім. Сіздерге өтірік, маған шын, бір тірі қазақ таппадым ғой. Әлгі бізді қызықтырған атракциондар мен аквагрим, түрлі ойын алаңдарының барлығы айналдырған екі орыстың иелегінде екен. Саябақ директорының орынбасары (атын ұмытып қалдым) түрі қазақ, өзі орыс бір сіңілім саябақ әкімшілігінің олардың "ішкі шаруасына" араласпайтынын, олардан тек аренда ақысын ғана талап етуге құқылары бар екенін айтты. Өйткені "келісім солай жасалған". (Ал оларға "конкурент создавать етіп беру" мүлде болмайтын әңгіме екені енді түсінікті ғой) Енді қайтпек керек деймін ғой. Әлгі сұлу ханым бір Наташа деген орыс қыздың телефонын берді. Сол моментте іздеп тауып алдым. Жап-жас келіншек екен. Күйеуі екеуі сол жердегі бүкіл дүниенің қожасы көрінеді. "Жарайды. Мен сіздің қыздарыңызды жұмысқа алайын. Күніге түскен табыстың 20 пайызы сіздердікі болады Осыған келіссеңіздер, ертеңнен бастап жұмысқа кірісе беріңіздер!" деді. "Ал қалған 80 пайызы ше?" деген сұрақты жұтып қоя алмай біз қалдық. "Ойланып көрейік" дедік. Құры кетпей сол жерде "орыстарға жұмыс істеп жатқан" қаракөздерді әңгімеге тартып, біраз дүниенің мән-жайына қанықтық. Сөйтсек, қыздар шамамен күніне сол жерден шамамен 20 мың теңге табады екен. Әрқайсысы! (Ал онда, зоопаркті қоспағанда, шамамен 40 точка бар!) Сол табыстан оларға тиесілісі 4 мың теңге ғана! Мұны естіген қызым "Маааа мам, мынау деген адамды қанау ғой барып тұрған!" деді. Вот так вот! Сонымен аквагримі құрсын деп кетіп қалдық. Айтпағым, сол айналдырған екі орысқа жем болып отырғаннның бәрі өзіміздің қазақтың өрімдей қыздары! Және барлығы өнер академиясы мен көркемсурет колледждерінің студенттері. Ал әлгі орыстар болса, өнерден еш хабары жоқ адамдар. Оны әңгіме барысында сұрап білдім. Бізде адам да, өнер де, еңбек те бағаланбайды...(((((( 

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста