Сен тұр - мен айтайын!

Бізде пофигизм бар, себебі ол оңай әрі жеңіл!

  • Бізде пофигизм бар, себебі ол оңай әрі жеңіл!

    Бізде пофигизм бар, себебі ол оңай әрі жеңіл!

 Біздің елде азаматтық қоғамның дамуы неге қиын?

Себеп көп....


Мен қазіргі үйіме көшіп келгелі подъездегі біздің этажға ремонт жасалмаған. Кейін мен Англияға кетіп қалдым. Келгенше жасап қойған шығар десем, ешкім саусағын қимылдатпаған.


Келе сала, кірісейік десем, 3 көрші давай дейді, бірақ сөз жүзінде. Осы демалыста 2 есе арзан, бірақ сапалы жасайтын тәжікті тауып, көршілердің ақшасын жинап, строй материалға жүгіріп жүрсем, бізбен қатар көршінің баласы бізден қанша пайда көрдің деп қанды ішеді. Мұрнын бұза жаздадым. Өзі 2000 жылдан бері ремонтқа бет бұрмаған.


Бүгін көршілердің басын тағы жиып, ремонтты тексеріңдер десем, бір көрші ақшасын берді де, "тезірек бітірсін, мен араласпаймын, ертең крайний болғым келмейді" деп үйіне кіріп кетті. 60-тан асқан азамат.


Басқа емес, өз үйін жөндеуге жауапкершілік алғысы келмейді, алыстан қашады. Біреу бастап, ұйымдастырса, сенбейді, бірақ аяқтан шалуға даяр. Мұндай мысал жетерлік.


Осындайда Фрейдтің "Большинство людей в действительности не хотят свободы потому, что она предполагает ответственность, а ответственность большинство людей страшит" деген сөзі еске түседі.....


Кезінде Англияда көргенім және қазіргі жұмысымда қайта көзімнің жеткені - азаматтық-ашық қоғам ол алдымен жауапкершілік, ол отбасыңа, тұратын мекеніңе жаның ашу, пікірлестеріңмен бас қосып, іс атқару, өзгелерге пайдаңды тигізу, кішкене болса да құрбандық.


Алайда оған көп адам дайын емес........

Оның орнына пофигизм бар, себебі ол оңай әрі жеңіл!


 




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 19:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31