Сен тұр - мен айтайын!

Біздің аналарымыздай абырой, әй, қайдам болмайды-ау бізде!

  • Біздің аналарымыздай абырой, әй, қайдам болмайды-ау бізде!

    Біздің аналарымыздай абырой, әй, қайдам болмайды-ау бізде!

Менің мамам әлі күнге бала бағады. Өзінің бес баласын бағып, жетілдіргені аздай, немерелеріне қарайды. Сабаққа баратыны бар, сабақтан келетіні бар, жіберу, қарсы алу, тамағын ішкізу, "соткаңды алдың ба? Кітабыңды түгелдеп салдың ба?" деп айтуды ұмытпау мамамның міндеті.

Енемнің басындағы жағдай да дәл осындай. Қолды-аяққа тұрғызбай бірде ана қызы, бірде мына ұлы өтініш жасап, аналарымызды "бір күнге біздің үйге келе тұрыңызшы" деп заказбен алдыртамыз. Шұғыл шаруа шығып қалады. Амал жоқ, балаларға бас-көз болатын адам ол аналарымыз!

Осындай жауапты қызмет атқарған соң да болар онсыз да абыройы асқақ аналарымыз келіндеріне тіпті қадірлі. "Мамам болмаса қайтер едік, просто елестете алмаймын" деп келіндері жырғап отырады. "Апа қашан келеді? Ана үйде екі күн қонды ғой, енді біздің үйге келсіңдай" деп немере-шөбере де шу-шу етеді.

Ал, енді деймін дә.... Біз апа болғанда қайтер екенбізиииии?!

Біздің аналарымыздай абырой, әй, қайдам болмайды-ау бізде! Қайдан болады?! 63-ке дейін жұмыс істейміз. Бала бағысуға уақытымыз болмайды. 63-тен соң "ал, әкел енді балаңды, бағысайын" деп айтуға шамамыз келе ма келмей ма...бір Алла біледі. Қорқыныштысы "бағысатын адам жоқ, балаға қарасатын адам жоқ, бәрі жұмысбасты" деп келіндеріміз тумай қоя ма деп қорқамын ше.... Рас қой, өз басым "Біздің күш-қайратымыз барда, біз бағып беріп отырғанда туып ал!" деген енеміздің сөзін екі етпей, орындауға тырысып бақтым ғой. Тіпті әжеміздің "әй, ақылдарың болса, осы үлкен үйде туып-туып алыңдар! Кейін жаңа қонысқа, бөлек үйге шыққанда боқ-сідіктен арылып, тап-таза болып барасыңдар!" дегені бар. Сөйттік қой. Өзіміздің үй таза болсын деп, үлкен үйде туып-туып алуға тырыстық.

Енді не болар екенииии.... 




Көрілген: 773    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.12.2017, 18:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31