Сен тұр - мен айтайын!

Біздің елде қазақ қана қиналып өмір сүріп жатқан сияқты...

  • Біздің елде қазақ қана қиналып өмір сүріп жатқан сияқты...

    Біздің елде қазақ қана қиналып өмір сүріп жатқан сияқты...

 Жазуға да қиын...

...Таксист шаршаңқы көрінді. Телефонмен сөйлескенімді естіп, қандай мамандықтарға сабақ бересіз? - деп сұрап, өзінің де педагогикалық оқу орнын бітіргенін айтты. Худграфты бітіріпті. Тамаша мамандығың бар екен ғой, бұл шаруаң қалай дедім. Живописьші де едім, тіршілік үшін ағашпен айналыстым. Сұраныс аз болған соң, құр аренда төлеп отыра берген қиын ғой деді.

Сізге неге айтып отырғанымды өзім де білмеймін деп, басындағы қиындығымен бөлісті:

Бірінші әйелімен бала болмағандықтан, салған 2-этаж үйін сол әйеліне қалдырып, ажырасыпты. Кейінгі әйелінен екі қыз бала бар екен. 75 мың пәтерге, 25 мың балабақшаға төлеген соң, бір өзінің табысы не болсын?!

Осы жетпейтін тіршілікке әйелі ренжіп, ажырасқанына 3 ай болыпты. "Балаларымды қимаймын, солар үшін қайта қосылайық десем, әйелім көнбейді. Бірақ, жетісіп жүрген жоқ" - дейді.

Сөзі түзу, тым жақсы азамат. Жасы 45-те екен. Қолынан түрлі өнер келеді. Ішпейтін, шекпейтін жақсы қасиеті де бар екен. Бір сәтсіздік айналдырып жүрген сияқты.

Тыңдап отырып, жартымды ақыл бере алмай, қиналғаным-ай... Біреулер көмектессе ғой деймін де...

Бірнәрсе бітірердей телефонын сұрап алғанымды қайтейін?! Біздің елде қазақ қана қиналып өмір сүріп жатқан сияқты...


facebook.com




Көрілген: 1734    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 22:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30