Сен тұр - мен айтайын!

Біздің қоғамда қарапайым жұмысшыларды құқығы қорғалмаған

  • Біздің қоғамда қарапайым жұмысшыларды құқығы қорғалмаған

    Біздің қоғамда қарапайым жұмысшыларды құқығы қорғалмаған

Бір досым бар. Мінезі тарс-тұрс. Ашуы келсе, қиратып кетуі мүмкін. Өткенде сол айтады: "Әйелім үйден шығып бара жатқанда, арқамнан сипап, "жұмыстан шығып қалмашы, не болса да сабырмен қарашы" деп жөнелтеді екен.

"Анабір департамент жетекшісінің ит екендігін бетіне айтайын десем, әйелімнің аманаты бар. Одан кейін балаларымды ойлаймын. Жұмыстан шығып қалсам, бір-екі күнде жаңа орын табыла қаларына кім кепіл? Сонымен іштен тынып жүрмін",-дейді.

Шын мәнісінде біздің қоғамда қарапайым жұмысшыларды құқығы қорғалмаған. Жұмыссыз қалуға қорқып, аузын қос қолымен басып жүргендері қаншама.

Шахтерлардың жағдайы алаңдатады. 600-ден астам адам болған соң, ел болып, назар салып жатырмыз ғой. Бір-екі, тіпті он адам болса, тағы елеусіз қалар ма еді?

Бәрін қойш, үйдегі ата-аналары, әйелдері не халде отыр екен? Жұмыстан кешігіп жатса алаңдаймыз. Шахтаның астында забастовка жасап отырса, шыбын жанымыз ұшып кетер ме еді?


Клара Ермагамбетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.12.2017, 13:10

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30