Сен тұр - мен айтайын!

Біздің Қытайдың алдында үрейіміз неге соншама көп?

  • Біздің Қытайдың алдында үрейіміз неге соншама көп?

    Біздің Қытайдың алдында үрейіміз неге соншама көп?

 Кей тырнақ астынан кірді іздеушілер менің екі жыл бұрын берген сұхбатымды тауп алып - "Қытай агрессивті ел емес" - деген, мені сынай бастады.

Бұндай комптың алдында отыратын "батырларға" айтарым: сол мақаламды аяғына дейін ерінбей оқып шығыңыздар. Әлбетте мен Қытай билігінің Синцзянда тұратын қазақтарға соңғы жылда пайда болған арам әрекеттеріне наразылақпен қараймын. Ол үшін қандастарымызды жылдамрақ елге алып келуіміз жөн.

Бірақ Қытай соңғы 40 жылда бір де бір өзге елге қарумен барып жерді жаулап алған жоқ. Ал Ресей мысалға соңғы 10 жылда ғана Гүржістан мен Украинаның 20% жерлерін қарумен жаулап алды. Сонда агрессивті ел кім? Қытай қарумен емес - ақшамен келіп сатылатын нәрсені сатып алады. Әскери жағынан Қытай агрессивті (Ресей секілді) елге жатпайды. Мен осыны айттым ғой.

Сол себептен бізден әлде қайда шағын Монголия (2 млн халық), Қырғызстан (6 млн) секілді елдер Қытайдың агрессиясынан қорықпайды. Ойласақ, олар неге қорықпайды деген сұрақ туындайды ғой? Меніңше, өйткені оларда демократия бар. Олардың билікте отырғандар ұлттық мүддесін Қытайға болсын, Ресейге болсын, сатуға бара алмайды, себебі олар өз халқынан сескенеді.

Ал біздің Қытайдың алдында үрейіміз неге соншама көп? Өйткені өзіміздің билікте отырған латифундисттеріміз қазақ жерін Қытайға сөзсіз сатып жібере алады деген ойдамыз. Шыны керек, бұндай үрейдің негізі бар. Сондықтан біз биліктің іс-әрекеттерін мұқият қадағалауымыз қажет, себебі біздің билігіміз ойға келген нәрсені жасай алады, өкінішке орай. Оған көзіміз жетті.

Қорытындысы, мәселе Қытайдың агрессивтігінде емес, мәселе билігіміздің сатқындығында, халықтың оған сенімі жоқтығында.

Ал комптың алдында ғана батылдықтарын көрсете алатын "геройларға" айтатын кеңесім, - тырнақ астынан кірді іздеудің орнына реальный өмірде ұлт мүддесі үшін нақты іске көшіңдер.


Фейсбуктегі жеке парақшасынан




Көрілген: 1638    Пікірлер: 0

жұма, 06.07.2018, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30