Сен тұр - мен айтайын!

Біздің психологияға ғылым ретінде қарауымыз тас дәуіріндегі деңгеймен бірдей

  • Біздің психологияға ғылым ретінде қарауымыз тас дәуіріндегі деңгеймен бірдей

    Біздің психологияға ғылым ретінде қарауымыз тас дәуіріндегі деңгеймен бірдей

Магистратурада оқып жүргенде ғылыми еңбегін МГУ-де қорғаған ағай психологиядан дәріс оқыды. Аты-жөнін есіме түсіре алмай отырмын. Семинар кезінде тым қатал еді. Жоқ, негізі қатал емес, ол туралы біз солай ойлайтынбыз. Себебі магистранттардың көбісі бакалавр кезіндегі түсінік айту (түсініп емес, долбар айту) әдетінен арылмаған. Оның үстіне "Психология - жанды, мінез бен бейімді зерттейтін ғылым" деген анықтаманы ол жек көретін. "Қайдағы жан, жаныңды жантану зерттесін, отыр дайындал "- дейтін. Ал, барлық қазақтілді кітапта психологияның жанды зерттейтіні жазылған. " Психология ең алдымен психиканы зерттейді, магистрантсыңдар кішкене нақтылыққа жақындап үйренсеңдерші. Маған анау аудармадан жамалған кітапты оқығандарың керек емес" деп шыр-пыр болатын. Бір аптадан соң, біз оның талабына сай іздене бастадық. Нақты, ғылыми терминдермен сөйлеуге кірістік. Әдебиеттанушыға осының не керегі бар деп күңкілдеген кездер де болды. Керек болғанда қандай? Әдебиеттанушы кейіпкердің психологиясы деп сөйлемейді, кейіпкер психологизмі деп деп айтады. Себебі екеуінің айырмашылығын ол білуі тиіс. Мұны неге айтып отырмын? Qazaqstan арнасынан "Бақытты әйел" деген бағдарлама жүріп жатыр. Құралай ханым әйелдерге кеңес береді екен. Подсознаниені психолог ханым ұлы сана деп берді. Әркім долбармен өз терминін ұсына берсе, біздің психологияға ғылым ретінде қарауымыз тас дәуіріндегі деңгеймен бірдей болғаны ғой. Ал, бұған қатысты ескерту айтып жатқан ешкім жоқ. Рас, қолданбалы, тұрмыстық психологияға қазір сұраныс артқан. Осыны дер кезінде түсінгендер тренинг өткізіп, коучер болып жатыр. Барлық елде болып жатқан құбылыс қой. Дегенмен, кеңес бергіштер зейін, түйсік, мінез, сана, бейсаналық құбылыстар, сезік деген ұғымдарды нақтылықпен жеткізуі керек. Мұның өзі қазақ тіліне деген ілтипатыңызды байқатады.


Айнұр Төлеу

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 504    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 01.02.2018, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28