Сен тұр - мен айтайын!

Біздің режиссерлер неге фильм түсіруді өзбек режиссерлерінен үйренбейді...

  • Біздің режиссерлер неге фильм түсіруді өзбек режиссерлерінен үйренбейді...

    Біздің режиссерлер неге фильм түсіруді өзбек режиссерлерінен үйренбейді...

Біздің ауыл Жетісайдың қасында, яғни, Оңтүстіктің бір қиырындағы ауыл. Өзбекстанмен шекаралас орналасқандықтан бала кезімізден Өзбекстан арналарын көріп өстік. Себебі, бізде басқа таңдау болған жоқ. «Хабар» және «Қазақстан» арнасын көретінбіз. Айтқандай, «Қазақстан» арнасын кешкісін ғана қосатын, күндіз «Қазақстан-Шымкент» арнасы қосулы тұрады. Қазір білмеймін, біздің бала кезімізде бұл арнада көбіне облыс әкімінің есептерін көрсетіп жататын, әлде мен жіті мән бермедім бе... Біздің үй ғана емес, ауылдың қай үйіне барсаңыз да, Өзбекстанның телеарналарын көріп жататын. Себебі, біздің отандық арналарға қарағанда Өзбекстан арналары голливудтың сапалы фильмдерін көрсететін. Мойындау керек, өзбек режиссерлерінің фильмдері біздің аты жер жаратын, голливудқа еліктейтін режиссерлердің фильмдерінен сапалы еді. Қазақстанның бір қиырындағы біздің ауылдың үлкендерінің өзі «біздің режиссерлер неге фильм түсіруді өзбек режиссерлерінен үйренбейді» деп ренжитін. Себебі, оларда көрермен ретінде талғам бар еді. Өз әкемнің де, әкемнің ағасының да отандық киноларды көріп, күйініп отырғанын талай көрдім.

Елде жүргенде бір танымал режиссер қоярда қоймай кино алаңына шақырды. «Киноны қалай түсіріп жатқанымды көр» деді. Әрине, «мақала жаз» деген ойын түсіндім. Бардым. Түскі асты режиссер, басты рөлде ойнайтын акртиса және фильмге түсіп жатқан белгілі актерлер бірге іштік. Енді өзімді, шынын айтайын, дастархандағы түрлі тағамдарды көріп, мейрамханада тамақтанып отырғандай сезіндім. Түскі астан соң, басты рөлдегі қыз және киноға түсіп жатқан жас актерлер бірге әңгімелесіп отырдық. Кино әлемінде аты жоқ актриса әлгінде ғана біз шай ішкен үстелге екі аяғын қойып отырды. Жаратпай қарадым. Ол менің жаратпай қарағанымды білді, әрине. (Оған ештеңе айтудың қажеті жоғын сезіндім) Ол мына кино алаңында өзін режиссерден кейінгі екінші адам сезінетін еді. Таланты шамалы, қолдан жасалып жатқан «жұлдызға» жай ғана аяушылықпен қарадым. Өзімен бірге басты рөлде ойнайтын актерді ашық менсінбей, оған дөрекі сөйлеп отырды. Ал фильмде олар бір-біріне ғашық болуы тиіс. Өмірде бір-бірін мүлдем жаратпайтын екі адам фильмде шынайы сезімді көрсете алмасы анық. Үйге режиссердің көлігімен жетіп алдым. Режиссерге «Басты рөлдегі қыз рөлін аша алмай жатыр және әрі қарайда кейіпкерді сомдай алатынына сенбеймін. Әлі де уақытыңыз бар ғой. Басқа актрисаға беруге болмай ма?» дедім. Режиссер жатып кеп, ашуланды. «Қыз Жібектен кейінгі жақсы дүние менікі болады, қаншама қыздың арасынан таңдап алғам» деп бұрқан-талқан болды. Кейін күлдібадам дүние шықты.

Өзбектердің фильміне кеткен қаржы біздің режиссерлер мен актерлердің киноны түсіру кезіндегі түскі астарына кеткен ақшамен пара-пар болуы мүмкін. Бәріміз анық білетін нәрсе: олар аз ақшамен өмірге жақын, көрермен қызыға көретін фильм түсіреді. Бәлкім, фильмнің көркемдігі жоғары емес шығар, бірақ көрерменге ой салады. Олардың фильмдеріне кеткен бюджетті еске алсақ, фильм өзін-өзі ақтап тұрады. Біздің "Қазақфильмге" бөлінген қаржыдай қаржы өзбектің режиссерлеріне берілсе, көркемдік сапасы жоғары фильмдер жасайтынына сенем.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 805    Пікірлер: 0

жұма, 05.01.2018, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31