Сен тұр - мен айтайын!

Біздің тауар өндірушілер өз тұтынушыларының менталитетін білген

  • Біздің тауар өндірушілер өз тұтынушыларының менталитетін білген

    Біздің тауар өндірушілер өз тұтынушыларының менталитетін білген

Екі күн бұрын Магнумнан аттай қалап, отандық тауар сатып алғанмын. Тауар болғанда да жай нәски. Бар тауарың сол болса, өз елімдікі деп тұтынасың ғой, енді. Шынымен де, біздің бұрын тұтынып жүрген түріктің, германның, корейдің, моңғолдың нәскилеріне мүлде ұқсамайды екен. Отандық болған соң солай шығар. Ұқсамайтыны былай: Өте тез киілетіні секілді тым тез шешіледі. Бір сыңары аяқ киімнің ішінде жүргенде өзінен өзі шешіліп қалады. Екіншісі, үйге келіп, етігіңді шешсең қоса сыпырылып аяқ киімнің ішінде қалып қояды. Қысқасы, пайдалы. Таңертең асыққанда, нәскидің бір сыңары қайда немесе "нәскиді қайда қойып едім" деп іздеп жүрмейсің, екеуі де аяқ киіміңнің ішінде сені күтіп жатады. Біздің тауар өндірушілер өз тұтынушыларының менталитетін білген және онымен жіті санасқан. Басты ерекшелігі - өзгенің нәскиі адамның аяғын ұстап тұрса, біздікі аяқты көрсе қашатыны, сыпырылып түсіп қала беретіні ыңғайсыздау екен.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30