Сен тұр - мен айтайын!

Дәл біздің әкімдей білгір, көреген, бастамашыл жетекші көрген емеспіз

  • Дәл біздің әкімдей білгір, көреген, бастамашыл жетекші көрген емеспіз

    Дәл біздің әкімдей білгір, көреген, бастамашыл жетекші көрген емеспіз

ПЫСЫҚ ӘКІМ


«Жұмысымыз арық болғанымен, бастығымыз семіз: Құдайдың мұнысына да шүкіршілік!» деген екен баяғыда бір бейбақ. Сол айтпақшы, шаруашылық шатқаяқтап жатқанымен, ауылымыздың әкімі – айтары жоқ, нағыз алтын адам! Шіркін, елдің бәрі сол кісідей кемеңгер болса ғой, азып-тозған ауылымыз әлдеқашан әлденіп-ауқаттанып, өсіп-өркендеп кетер еді. Амал жоқ, әкім ағайдан басқамызды Алла-Тағала ақыл-айладан кенде ғып, кем жаратқан ба, әйтеуір көшбасшымыздың көңілінен шыға алмай, көлеңкесіне ілесе алмай жүрміз.

Әкіміміз – барлық іске өзі бас-көз болып, араласа беретін өте пысық адам. Қолына шалғы ұстап, шөп шабушылардың қосынына қойып кетеді. Тырылдаған тракторға қарғып мініп, жер жыртушыларды желкесінен төніп, қадағалайды. Бармағының ұшын бір жалап қойып, бұғалтырларға ақша санасады, дередей білегін дереу түріп жіберіп, сауыншыларға сиыр сауысады, тіпті кейінгі уақытта мектеп асханасына бас сұғып, балаларға пісірілген ботқаның дәмін өзі татып көруге көшті. Өйткені, ешкімге сенбейді (әлде өзі кіл сенімсіздер мен жалқауларды жинап ала ма?). Көп ұзамай біздің ауылда ешқандай шаруа әкімнің араласуынсыз шешілмеуге айналды. Бұл жағдай қашанда жастығы дайын жағымпаздарға жасыл шам жағып берді: «әкімнің өзінің тікелей араласуымен...», «қолына дерт бермегір әкім ағайдың арнайы пәрменінің арқасында...», «әкім өзі келіп көмектеспесе, әй, бітуі қиын іс еді...» деген секілді қораш қолпаш, жалпыш жарамсақ сөздер енді түйдек-түйдегімен кез келген жерде ақтарылатын болды.

Басқа ауылдардың басшыларын да ара-тұра көріп қаламыз ғой, бірақ дәл біздің әкімдей білгір, көреген, бастамашыл жетекші көрген емеспіз. Ешкімнің қиялына да келмейтін қиын идеяларды қисынын тауып, қиюын келтіре жоспарлап, өзіне де, өзгеге де тыным бермейді. Бұ кісі әкім болғалы, ауылдың жалғыз клубының бос тұрған кезі жоқ: бірде ана ауылдан, біресе мына ауылдан лек-легімен меймандар келіп, мелдектеп тойып, мейлінше разы боп аттанып жатады...

...Әне, енді ауыл көшелеріне ат қоюға да атсалысып, тақтайшаларды өз қолымен іліп жүр.


Сәкен Сыбанбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 884    Пікірлер: 0

жұма, 06.04.2018, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31