Сен тұр - мен айтайын!

«Дұрыс қыз таппадық қой...» деп күрсінсе сеніңіз

  • «Дұрыс қыз таппадық қой...» деп күрсінсе сеніңіз

    «Дұрыс қыз таппадық қой...» деп күрсінсе сеніңіз

Көпсанды қыздар жазады «үйленген жігіттерді қалай білуге болады? Айтып беріңізші қу құпиялығын, көбінде бойдақ екен деп алданып қаламыз» деп қиылады. Қыз қиылды екен деп еркектер қоғамына қауіп төндіретін құпия ақпараттарды аша беруге болмас әрине. Деседе, сұлу қыздар сызылып тұрса аз кем айтсақ айып емес.

Ендеше қыздар, отызға тақап қалған сұр бойдақтарға сұрақ қойдыңыз, Әбәрәки, ол сізге шарасыздықтан қысыла жауап қатып «дұрыс қыз таппадық қой...» деп күрсінсе сеніңіз. Ол шынында теңін таппаған тақыр бойдақ. Ал мынадай жауап берушілерден абайлаңыз!

1. Ойланбастан, ұялмастан «жоқ» дейтіндер. Бұлар әйелін ұнатпайтындар не әйелі әбден мин жеп шаршатқандар.

2. Қылжаққа басып, алақанын ысқылап «ер жігіт всегда бойдақ» дейтіндер. Әйелін жақсы көреді және екі-үш баласы бар, бірақ жігіттік желегі басылмай жүргендер.

3. Жауап беруден жалтарып, әңгімені басқа арнаға бұрып кететіндер. Бұлар жаңадан үйленгендер. Әліде әйеліне деген ғашықтық оты сөнбегендер. Сүйте тұра осымен тынсам ба екен? Жоқ әлде, басқасында көрсем бе екен деп екі ойлы жүргендер.

4. «Бар»деп турасын айтатындар. Бұлар өзіне сенгендер. Бұларға алдансаңдар өздеріңнен көріңдер. «Ысқырып атқан аңның обалы жоқ» деген. Бұндай еркектер соңында не «тоқал» дейді, не «жоғал»дейді.


Jarqynbek Jumadil

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28