Сен тұр - мен айтайын!

Дұшпан алдында бауырларың қара десе, қара де, ақ десе, ақ де, түсіндің бе?

  • Дұшпан алдында бауырларың қара десе, қара де, ақ десе, ақ де, түсіндің бе?

    Дұшпан алдында бауырларың қара десе, қара де, ақ десе, ақ де, түсіндің бе?

Біздің ауылда орыс, немістер көп болды. Анам аты Күлмария, олар үшін жәй Мария болды. Катя досы үйін сатып күйеуін ақшамен Ресейге үй сатып алуға жіберді де, өзі Ира мен Сережа балаларымен біздің времянкаға уақытша қоныстады. Күнде күнде үйде командалық ойындар. Менің екі бауырым бір команда, мен Сережамен бір команда. Сережа бауырларымнан үлкен, мен кіші, тепе теңдік бар сияқты. Бірақ біздің команда жеңе берді. Мен тырысып Сережаға аз да болса көмек етіп жүрмін, соныммен жеңістерімізде өзімнің де үлесім бар деп қуанамын. Бауырларым ызаланып жүр. Бір күні мені анам шақырып алып:

- Сен неге ана орысқа көмек етіп жүрсің? - деді.

- Біз бір командадамыз. - дедім.

- Сонда сенің бауырларың жеңілсе, сен қуанасың ба?

- Ия. Менім командам жеңді, мен де жеңдім.

- Сенің бауырларың жеңілсе, сен де жеңілдің.

- Бұл ойын ғой. Командалық ойын. Мен жеңдім!

- Ойында да, өмірде де, сенің бауырларың жеңілсе, сен де жеңілдің. Сережа бүгін бар, ертең жоқ, ал жеңілген бауырларыңның қайғысы сенің де қайғың болады. Сонда сен сол қайғыға көмек еткен сатқын боласың. Сондықтан, сен ертеңіңді, өзіңді ойла. Дұшпан алдында бауырларың қара десе, қара де, ақ десе, ақ де, түсіндің бе?

- Жоқ! Бұл әділетсіздік! - деп мен мойындағым келмеді.

- Бауырларың - сенің жақындарың. Бауырсыз адам жалғыз. Бауыр болып үйрен. - Мен сонда 7 жастамын. Апам мен атамның жалғыз ерке баласы болып едім. Кейін көп балалы от басынан шыққанымды солай мойындадым....


Бүгін қазақтарды оп оңай сатқан қазақтардың постарын оқысам, анамның сабағын өтпеген орысқұлдарын елестетемін.


- Әй! Мың есе принципың дұрыс болсын, одан саған не пайда?! - дегім келеді. - Саған сол үшін дұшпандар орден береді ме? Жоқ! Сен де сол өзің жерге көмген ақымақ қазақтардың арасында боласың! - дегім келеді ...


Айгүл Қоқай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2163    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31