Сен тұр - мен айтайын!

Егер біздің қызға үйленсе, бір пəтер мен екі мəшине беремін

  • Егер біздің қызға үйленсе, бір пəтер мен екі мəшине беремін

    Егер біздің қызға үйленсе, бір пəтер мен екі мəшине беремін

Уайым қайғы тек жарлы жақыбайларда ғана бола ма десем, байларда жылайды екен. Кедейлерден қарағанда уайымы он есе күштірек пе деп қалдым. Жə бəрі бірдей олай емес те болар. Бір жайтты көзім көргеннен кейін жазып отырғаным. Көшеміздің бас жағында ең соңғы сəулетті үйде есімі айналасына етене таныс дəулетті кісі тұратын. Жегені алдында, жемегені артында, Əйел бала-шағасына дейін ең соңғы үлгідегі көлік əперіп, əрқайсысына жеке жұмыс орнын ашып беріп қойған. Адамның көркі шүберек қой. Үстіне ілген матасы өңкиген түріне шырай беріп тұрады əйтеуір. Тəңкиген кəрі текенің ара~ тұра жап-жас қыз келіншектермен қылмыңдасып жүргенін талай көргенбіз. Сірə томпақ əйеліне деген желаниесымағы қашып кеткен шығар. Ақша құмар шөпжелкелерге бəрібір. Бірнеше сағат алдаусыратады да, қалтасын қағып алып жөніне кетеді. Əйелі де желаниені қашыратындай-ақ долы қатын. Қашан қарасаң жүзінен зəрі шашырап, шатынайды да жүреді. Тұмсығын аспанға көтеріп кекірейіп үй қызметшілеріне айқайлағанын, олардың жеті атасын түгендеп боқтағанын көргенде ана жерден айдалада тұрып сен безіп кеткің келеді. Тап осы көршіміздің Тоғжан атты отырып қалған қызы бар. Толықтығынан шығар Тоғжанға ешбір жігіттің көзі түсе қоймады. Шешесінің мінезі Тоғжанда да бар. Жігіттерге де жан керек қой. Шындап келгенде ер азаматтардың басым көпшілігі иманды ибалы қызды жар еткісі келеді. Ал иман мен иба Тоғжанның болмысында жоқ. Қызға тəн қасиеттерден жұрдай. Еркектеніп кеткен дерсің сірə.

Бір кездері көршілердің Тоғжан жайлы айтқан сыпсыңы бар еді. Ата-анасы Тоғжанның оң босағада отырып қалғанын уайымдайды екен. Рас қой. Қыз бой жеткен соң уақытылы, абыройымен тұрмысқа шыққаны жөн. Қай ата-ана болмасын қызының құтты жерге қонғанын армандайды. Ол заңдылық . Тоғжанның да ата-анасын түсінемін. Қызы үшін алаңдайтын шығар. Осындай ойлармен көршілердің пыш-пышына көңіл бөлмей жүргенмін. Бір күні Тоғжанның анасы қақпасынан шығып есіктің алдын сыпырып жүрген мені өзіне шақырып алды. Аз-маз амандық сұрасқан соң, ананы мынаны айтқан болып, əр əнгіменің басын бір шалды. Бір нəрсені айтқысы келіп оны айта алмай тұрғанын сездім де, сыр суыртпақтап жақынырақ тіл табысуға көштім. Əдеміленіп кеткенін айта келе, үй егесі мен Тоғжанның жағдайын сұрауды ұмыт қалдырмадым. Асыра сілтеп жіберсем керек. Қызды-қызды мен бетбақ қыз Тоғжанды да мақтап жіберіппін. Мақтағанды кім ұнатпайды дейсіз.? Көршімнің жүзі жыли бастады. Күлімдеп тұрғандай. Аздан соң күлкісі салқын тартып кетті де, қабағын түйіп алды.


--Сол жақсы қызымды бай алмай қойды ғой тегі.

-Тоғжанның өзі де өкпешіл болып кеткен. Жасы келді!. Тұрмысқа шығуы керек.Табиғи заңдылық деген бар. Қажет етеді. Өткенде ауырып емделіп шықты. Қазіргі дəрігерлер де ауыш. Өзі уайымдап жүрген қызға тұрмысқа шық деп айтыпты. Біздің қыз да жынды. - Ауруға тұрмысқа шығудың не қатысы бар? Оданда дəрі-дəрмегіңді жазып бер десе керек. -Саған "е " витамины жетіспейді. Сол витаминді алсаң ауруыңнан құлан таза айығасың, соныман қатар жіптіктей болып азасың депті. Біздің қыз да шынымен қызық-ей. Азасың дегенге армандап кеткен шығар. Дəріханадан өңшең "Е" дəруменін жинап əкеліпті. Ішіп жүрген. Ашуланып кетіп шашын жұлдым сосын. "Е" витамині "еркек" деген витамин екенін ұқтырдым. Содан қызым да біраз жылап алды. Не бай, не құдай алмайды деп түңіліп жүр. . Сені шақырған себебім де сол. Таныс достарың , əріптестерің болса біздің Тоғжанмен таныстырсаңшы. Ол қыз бір күні жынданады əйтпесе. Тезірек əлгідəрігер айтқан "е" витаминін таппаса болмайды.

Қапелімде не дерімді білмей тілім байланып, состиып тұрып қалдым. Тіл мен жағымды ретке келтіріп,

-е əпке, ондай таныстар жоқ қой!. Көбісі үйленіп үйлі болып кеткен. Ал үйленбегендері əлі сол қыздың қалың малын жинай алмай жүрген қалтасы тесіктер. Ондайлар сірə сіздердің теңдеріңіз де емес шығар. Тең-теңімен, тезек қабымен. Сіздермен терезесі тең келетін жігітті қайдан таппақпын?

Бай қатын жабыса кетті. ---Ойбай көкем. Тоқта тоқта!. Əлгі қалтасы тесік дедің бе? Сондай таныстарың болса да мейлі. Келші құлағыңа бір нəрсе айтайын.

Дүрдиген ернін құлағыма жақын əкелді де

---- Қыз сол жігітке айт. Егер біздің қызға үйленсе, бір пəтер мен екі мəшине беремін, жақсы жұмысқа орналастырамын. Сен де жеңгетайлығың үшін құр алақан қалмассың. Тездет сіңлім.

--Əпкеу сезім ше? Сезім қайда қалады сонда. Отырып қалды деп кім көрінгенге қос-қос мəшине беріп, қызыңызды ұстатып жібере салмақсызба?

Шортан балықтай шоршып түскенімді жақтырмай қалды.

-Ғашықтық, сезім, сүю-күю деп күйдіреңдерші осы.

Сол сен айтып тұрғанның барлығы жеме-жемге келгенде мынаған келіп тіреледі. Халатының жан қалтасын қайта-қайта қаққылады. Ақшаға келіп тіреледі деп айтқанын жақсы түсіндім. Үнсіз басымды изедім. Басты иземеске шарам да жоқ. Өмірдің өзі соның айтып тұрғанын ұқтырады емес пе? Біреулер келіспес. Бірақ қалтаңда теңгең болмаса долы қатын айтпақшы сен ешкім емессің. Сол көк қағаздар ғой, ақымақты да албастыны да сыйлы етіп жүрген. Сүймегенді сүйдіретін. Неткен құдіретті еді өзі. Оқыған -тоқыған, есесіне қалтасы жұқалар əлгіндейлердің көлеңкесінде қалып жүр емес пе.? Ащы да болса шындығы осы. Көңілім құлазып, жүрегім шымырлап кетті. Оны долыға сездірмеген болып, қуақыланып бір күліп алдым да, мейлі таныстырсам таныстырайын деп сөз беріп, жөніме кете бардым.

Таныс жігіттің номеріне қоңырау соғып, жағдайды бүге - шігесіне дейін түсіндірідім. Танысым менің сөздеріме əбден күліп алды. Өзінің сүйгені бар екенін айта келе, керек болса өз байыңа тоқал қылып алып бер де сол машиненің бірін мініп жүре берсеңші деп əдемі ақылымен сөз тауып кетті.

Намысты жігіт екен. Мақтамен бауыздай салды. Өзімді жек көріп кеттім. Нем бар еді айдаладығы біреуге жеңгетай болып?. Өз- өзімді жазғырып, танысыма жасаған ұсынысым үшін ұяттан өртенердей күй кештім. Арадан бірнеше ай өткенде бай көршінің үйі құдайы асқа шақырды. Нендей құдайы ас екенін сол жерге барғанда білдік. Тоғжан екі мəшинесі, бір пəтерімен бірге тұрмысқа шығып кетіпті. Тұрмыс ортағы жоқ-жұтаң отбасынан шыққан екен. Қызарған дүниеге қызықты ма, əлде Тоғжанды ұнатып үйленді ме, ол жағын шыныменде біле алмадық.

Жұмбақ.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2366    Пікірлер: 0

жұма, 30.03.2018, 13:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30