Сен тұр - мен айтайын!

Эгоизмімнің бетіне қарауға ұятым ұялып тұр

  • Эгоизмімнің бетіне қарауға ұятым ұялып тұр

    Эгоизмімнің бетіне қарауға ұятым ұялып тұр

 Кеше түнде үйге келе жатып жол тосып тұрған бір қызға тоқтадым. (қызды көрсе "Темір тұлпарым" өзі барып тоқтай қалатыны әдеті бар)). "Хайвлдың С блогына" деді. Өзім де сол маңайда тұратын болған соң "отырыңыз" дедім. Жымиды да "мен емес, мына кісіні ала кетіңізші" деп, ана жақтан бір ер адамды сүйеп алып келді . Сөйтіп, қырсық болғанда қызды емес орнына еңгезердей еркекті алып кеттік.

Әлгіні әбден өкіндім. Удай мас. Жол -жөнекей мазаны әбден алды. Тілі күрмелген, еш сөзін ұқпайсың. Біресе рөлге таласты, біресе айқайлайды. Жолда түсіріп кетейін деп едім, ұйықтап қалды. Қойшы, әйтеуір жеткіздім. Жеткен соң да көліктен түспей тағы біраз жүйке талшықтарымды жаһаннамға жіберді. Жолақысы құрсын, құтылғаныма қуандым. Үйге жетіп, көлігімнен шығарда салонға барсеткасын ұмытып кеткенін байқадым. Визиткасы, адресі немесе соткасы бар шығар деп ішін ашсам, жеке басының куәлігі мен әжептәуір ақша тұр. Көзім бақырайып кетті. Санасам 95000 теңге мен 20600 доллар екен. Мәә, ойым екіге бөлініп кетті .

Эгоистік ойым: Оо, "құдай берем десе форточкадан бере салады" деген осы- дейді.

Ұятым : біреудің ақшасы, өзіне апарып бер. Оның да еңбекпен тапқан ақшасы- дейді.

Эгоизм : хайвлда кілең байлар тұрады, бұл ақша оған тиын сияқты, одан да өзің ал!

Ұятым : бұлай келген ақша жақпайды, өзіне апарып бер -дейді.

Эгом : ей, ақымақ, сен оны ұрлап алған жоқсың, біреу тастап кетті. Мына кризиста саған құдай бере салды. 1 бөлмелі пәтер алып арендаға беріп қоясың, астыңа жаңа көлік ал немесе ана інің пәтер жалдап қаңғырып жүр, соған көмектес -деп жанұшырып барады.

Сан жаққа шашыраған ойымды жинап алдым да, бағанағы түсірген адреске тарттым. Куәлігін охранаға көрсетіп едім, рациямен бір-біріне хабарласып жатып , тұратын пәтерін тапты. Домофонына хабарласып, "сіз құжатыңызды тастап кетіпсіз, соны әкелді" деп төменге шақыртты. Әлгі мас есін жинаған. Сумкасын ашып, ақшасын санап жатыр. Жанымызда тұрған охрана жігіт санап жатқан ақшаны көріп, көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ал мас жолаушым болса алғыс айтудың орнына "иә, бәрі түгел, қалдырып кеттің деп түсіп бара жатқанда неге айтпайсың" деді де үйіне кіріп кетті. Күзетші жігіт: "мәә, аға, тормоз екенсіз ғой, мынандай ақшаны әкелмей-ақ қоймадыңыз ба. Шіркін, мен тауып алсам ғой" деп, шығарып салды. Сөйтіп қыз да жоқ, ақшадан да айырылып, охранадан да сөз естіп қайттық)). Эгойзмімнің бетіне қарауға ұятым ұялып тұр)).

Жарты сағаттың ішінде ойды астаң-кестең жасап жіберген "қу дүние -ай" десеңші))


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 23:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31