Сен тұр - мен айтайын!

Елді сыйлаған азамат екеніңді байқатып көкейдегіні әу деген де әдемі болады

  • Елді сыйлаған азамат екеніңді байқатып көкейдегіні әу деген де әдемі болады

    Елді сыйлаған азамат екеніңді байқатып көкейдегіні әу деген де әдемі болады

Тәуелсіздік мерекесінде тележобалар аздығына қарным да, жаным да ашып, телебезер жарықтықты шағып тастай жаздап едім, жаңа жылда "жарылқап" жатыр, шүкір.)) Телевизия саласы халықтыкі емес, телеменеджерлердің меншігі екенін сездіріп, әркім өз эфиріне мініп алып пәленше күннен бері құттықтап жатыр, рақмет дейік! Керемет сөздер! Алаңдарда мерекелік шара өтпей, ел елегзіп қалған Тәуелсіздік мерекесінде де неге құттықтай салмады екен? - деп қоямын Журналистер жұртты тілек-ниетке жарылқар, айыр тілді, күміс көмей екенін байқатып қалар сол мереке еді меніңше. Тәуелсіздікте ұжым болып тіс жара алмай ертеңгі күні "қазағым" деп күңірену кішкене нелеу секілді. Нелеу дегеніме нетіп қап жүрмеңіздер, түгі жоқ жүректің әлгі... "ұлт" деп соғатынын білеміз ғой. Ұлт, ұлт деп ұрғанын ауыз ғана емес, кейде жүрек байғұстың өзіне де айтқызу керек! Шыли жоғарыға саусақ шошайта бермей оқта-текте ел сыйлаған, елді сыйлаған азамат екенді байқатып көкейдегіні әу деген де әдемі болады. Қоғам үміт артқан тұтас бір саланың біреудің манипуляциясында жүріп біреумен манипулироват етпек болғанына тағы қарын ашып... А так, Жыл құтты болсын!


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.01.2019, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31