Сен тұр - мен айтайын!

Елдегі күрделенген әлеуметтік-экономикалық проблемалармен кешенді шұғылдану қажет

  • Елдегі күрделенген әлеуметтік-экономикалық проблемалармен кешенді шұғылдану қажет

    Елдегі күрделенген әлеуметтік-экономикалық проблемалармен кешенді шұғылдану қажет

АСТАНАДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА ЖӨНІНДЕ


Өткен түні Астананың Шыңғыстау көшесіндегі үйде болған өрт кезінде опат болған бес баланың өлімі - ауыр қайғылы қасірет. Өрттен бір отбасы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы дүниеге келген бес баласынан айырылып қалды. Жалға алып тұрып жатқан от жағатын жер үйді қараусыз қалдырып, балалардың ата-анасы тұрмыстың қамын күйттеп жұмысқа кеткен екен...


Бір отбасының бес баласының «тілсіз жаудан» ажал құшқаны бірнеше проблеманы көрсетті:


өрт қауіпсіздігі сақталмайды және мұны қадағалайтын жауапты мекемелер өздерінің міндетіне салғырт қарайды;


елді мекендерді газбен қамту мәселесі шешімін таппай келеді;


халықтың әлеуметтік жағдайы әбден нашарлап кетті, көпбалалы отбасыға және жас балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мардымсыздығы соншалықты, тіпті емізулі баласы бар әйелдер де күн демей, түн демей жұмыс істеп қосымша табыс табуға мәжбүр және тағы басқа.


Сондықтан Қазақстан үкіметі қайғылы оқиғаның салдарын реттеумен ғана емес, себебін түсініп, елдегі күрделенген әлеуметтік-экономикалық проблемалармен кешенді шұғылдану қажет.


Тәуелсіз журналистер клубы


Oraz Alimbekov


Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28