Сен тұр - мен айтайын!

Елдің Ыбырайы Ыбырай ,біздің Ыбырай сұмырай

  • Елдің Ыбырайы Ыбырай ,біздің Ыбырай сұмырай

    Елдің Ыбырайы Ыбырай ,біздің Ыбырай сұмырай

Елдің Ыбырайы Ыбырай ,біздің Ыбырай сұмырай.


Біздің сатирик-юмористер тек қазақтың кемшілігін айтумен-ақ атын шығаратын сияқты. Оның жалқаулығы, жағымпаздығы, әй, шешең-деп айтатыны, қорқақтығы, жалтақтығы, т.б тізе берсең осы қасиеттің бәрін бір қазақтың басына үйіп қойғандай сөйлейді.


Өткен жылы қайтыс болған М. Н. Задорновтың концерттерін көріп отырмын. Ол кісі де орыстың кемшіліксіз еместігін айта келеді де, сол кемшілікті орыс ұлтының ұлттық ерекшелігіне жатқызып, көрерменін шабыттандырады. Арасын да тарихтан сыр шертіп, Россияның алғашқы адамдардың отаны екенін, Рим империясының негізін салған эттрускілердің кәдімгі ежелгі русьтер екенін айтқаны қандай мақтаныш туғызады.


Орыстардың ақымақтығы -олардың батысқа деген еліктеуі ғана деуінде қандай терең сыр жатыр. Гиперборей өркениеті де ол кісінің сөзіне сенсек Орал тауларынан бастау алады екен. 12-мың жыл бұрын өмір сүрген, Атлантидамен шамалас.Даулы пікірлер, бірақ концертте оны кім еске алады?


Бізде осындай масштабта ойлайтын сатирик бар ма? Әңгімеміз- құда-жекжат, келін-ене арасындағы әңгімеден аспайды.Әртістің аты сәл шыға бастаса, билікке қызметке кетеді, немесе бизнесін ашады.


Мынау қазақ КВН-шиктер де екі сөзінің бірі, қазақтың аңқаулығы мен жалқаулығын айтудан аспайды. Әлде бізде мақтаныш тұтатын тарихымыз жоқ па? Біздің тарих олардың тарихынан круче болмаса, кем емес. Сахна төрінен осыларды айтатын адам жоқ сияқты.


Сұлтан Сүлеев

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 21:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31