Сен тұр - мен айтайын!

Ем жасайтын құралы болмаса да, жылы сөздерімен жұбатып кетуге болады ғой

  • Ем жасайтын құралы болмаса да, жылы сөздерімен жұбатып кетуге болады ғой

    Ем жасайтын құралы болмаса да, жылы сөздерімен жұбатып кетуге болады ғой

Елордада бәрі озық әрі үздік емес...

Қызымның қызуы көтеріліп, мазасы кеткен соң жедел жәрдем шақырдық. Жап-жас екі қыз келді...аяқтарына көк пакет киіп алып... Ингаляция жасайтын "аппараттары" белінен кесілген 1 жарым литрлік "баклашка",  "Мынауларыңыз не енді?" десек, "Осылай ыңғайлы әрі арзандау" дейді. Ал не дейсің?!!!!

Артынан учаскелік педиаторымыз келді. Қап-қара болып киініп алған қара келіншектің қабағынан қар жауып тұр. Жалпы бұл дәрігердің жадырап жүргенін бір көрген емеспін. Кабинетіне барсаң да осылай қабағын кіржитіп, танауын тыржитып отырғаны. Түнеріп келіп, түнеріп ол кетті. Не амандығыңды алмайды, не өзі саулық сұраспайды. Баланың тамағын көретін арнайы "таяқшасы" да жоқ. Ас үйдегі темір қасықты сұратып алып көрді де кез келген дәріханаға барсаң, кез келген фармацевт беретін дәрілерді жазып берді.

Ем жасайтын құралы болмаса да ең құрығанда оң қабақ танытып, жылы сөздерімен жұбатып кетуге де болады ғой. Қайдағы... Астананың күні де суық. Ызғарлы желі маңдайдан өтеді. Жылылық күтетін жандары одан да салқын. Жылы сөзге сараң, Жайдары мінезге кедей. Қақиып, қақшиып қалған... Ауырмаңыздар!


Бану Әділжанова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31