Сен тұр - мен айтайын!

Ең қиыны, анамның екі жылдан астам жазықсыз аққан көз жасы болды!

  • Ең қиыны, анамның екі жылдан астам жазықсыз аққан көз жасы болды!

    Ең қиыны, анамның екі жылдан астам жазықсыз аққан көз жасы болды!

Есентай каналының қасында тамаша бағымыз бар. Каналдың қасында орналасқан орындыққа отырып, табиғаттың тамаша жаратылысына қарап, сүйсініп отырдым. Бір жас жігіт қасыма келіп біраз отырды да, маған қарап: "Ағай. Сіз 86 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқансыз ғой. Сізді танып отырмын. Біздің оқу орнымызға кездесуге келген едіңіз. Бір сұрағым бар еді. Халық жауы болып түрмеде отырғанда Сізге ең қиыны не болды?" - деп сұрақ қойды. Қойған сұрағына: "Ол жерде бір күнің онбес - жиырма күнге теңеледі. Әр күні өмір мен өлімнің арасында жүресің. Отыз жыл асса да екі жылдан астам түрменің азабын не үшін көргенімді білмеймін. Ең болмағалы сол алаңда бір адамның басын жарып алты жылымды алғанымда, маған оңайырақ болатын еді. Ол жерден денсаулығыңнан түгің қалмай қайтасың, сол ауыр болды.".

- Ағай! Бұданда да жаман, ең қиын болған жағдайыңыз болды ма? - деп тағы сұрақ қойды. Біраз ойланып тұрдым да: "Әрине болды. Мен үшін ең жаманы, ең қиынның қиыны, анамның екі жылдан астам жазықсыз аққан көз жасы болды! Бұл мен үшін ең ауырдың ауыры болды. Аналарыңды тірі кезінде аялаңдар" - деп орнымнан тұрып, еріксіз көзіме жас алдым. Жігітке амандығын тілеп үй жағыма тарттым. ((


Erlan Dekelbaev

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1638    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.04.2018, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31