Сен тұр - мен айтайын!

Еркектер де сүйреңдеп әйелдерден қалысар емес

  • Еркектер де сүйреңдеп әйелдерден қалысар емес

    Еркектер де сүйреңдеп әйелдерден қалысар емес

Өмірімде үш рет "дружок" болдым, үш рет. Одан кейін де "дружок" болуға ұсыныстар болды, бірақ оған көнбедім. "Ырым бойынша болмайды екен" деп бас тарттым. Оған қатты ренжігендер болды, бірақ мен де қайырылмадым.

Сондай тойлардың бірі есімде қалды.

Күз айы болатын, мен "дружокпын". Тойдың алдында Астананы айналып қыдырдық. "Бәйтерек - сәйтерек", "левый берег" деп фотоға түсіп біраз жүріп қалыппыз. Кешкі 7 жарым кезінде асықпай келсек, жұрт күтіп қапты. Ресторанға кіре берісте тез беташар жасағасын, күтіп тұрған нөпір ішке лап берді. Орналасып орындарына жайғасып жатыр. У - шу, азан - қазан. Ашығып қалған жұрт отыра салып тамаққа бас қойды. Асабалықта елге белгілі әйгілі ақын жүрді. Ол басу айтып жұртты өзіне қаратып, тойды бастамақшы болған еді, оған ешкім де қарамады. Жұрт тамаққа аш қасқырдай тиді. Сосын біраздан соң, іштеріне ел қонғасын жұрт жан - жақтарына алаңдап, той бастауға мүмкіндік болды. Сонымен той басталды. Ұзын - сонар бір - бірінен айнымайтын, әбден жауыр болған тілек - тосттар, бата, тосттан кейінгі ән - күй.... ол өз алдына...

Бізге жақын стол басында екі үлкен кісі стакандарын шатастырып ерегісіп қалды. Біреуі тіпті айқайлап кетті, "ей арақтан өлдің бе немене" деп. Бұл қарасақалдардың тірлігін көріп мен ұялдым. "Ағалар қойыңдар, мына келіндерден ұят" дегендей болдық. Біреуі уже қызара бөртіп алыпты. Бұлар баяғы ақаңмен бертінге шейін алысып жүрген "саветски поколение" ғой. Алдарында чисто "ақ". Одан үстел басы ішке ел қонып көңілденген жұрттың ырқыл - жырқылы, қағытпалары басталды. "Анау үстіне не киіп алған", "ее мынау анау екен ғой" "өйбүй мынау қуып кетті ме уже".. деген мағынадағы әңгімелерді естіп отырмыз. Еркектер де стол үсті сүйреңдеп әйелдерден қалысар емес. Тосттар айтылып жатыр, айтылып жатыр. Асаба да өз орнында. Бірінші стол бітіп, еркек атаулы темекі шегуге кетті. Ойпырай бұл енді қарынды көкелердің мезгілі ғой.. "ыыы, мен қазір анда заммын ғой", "ыы мен мында деректірмін, телефонды жазып ал" "ыыы" деген ыңыранулар басталады осы кезде...

Одан кейін асаба мәңкүс болса, ойын - күлкі, ән - күй, берекесіз ырқыл - жырқыл.. шалбар шештіру, жіңішке жігітке толық қызды көтерту, деген сыңайдағы арсыз ойындардың кезегі келеді. Бұл енді тұтас наука. Біздің асабалардың жұртты күлдіру үшін ойлап табатын арсыз фантазияларына ешқандай шек жоқ. Оны бәрі де біледі. Оған да жұрт мәз - мәйрам.

Бір кезде, той аяғына қарай, о ғажап, сіздерге өтірік маған шын, қазақ тарихында бұрын соңды болмаған ұлы тонау басталды. Той столдарында әйелдер той бітпей жатып тамаққа таласып үстел үстін жым - жылас қылды. "Ана жілікті бері қарай, қабырғаны маған бер, торт сал маған", әйелдер шаң - шұң таласып жатыр. Біз көзіміз бақырайып отырдық та қойдық. Алла - ай, алла ай. Жалпы біздің қазақ тойларының жобасы шамамен осындай..

Мен кейде "біз берекесіз жырқылдармен уақытын өлтіріп жүрген халықпыз ау" деп ойлаймын. Саясатта, экономикада, бизнесте, кәсіпте, спортта, ғылымда біз жоқпыз. Географиялық жағдайымыздың өзі "ей естеріңді жинаңдар ақымақтар, оң жағың қытай, сол жағың орыс, сапаңды көтер, бәрін меңгер, төрт құбылаңды түгенде, дереу мемлекетіңді құр, сенің тойлайтын уақытың жоқ, әйтпесе тұяқ серіппей кетесің" деп тұрғандай. Бірақ бізде оны түсінген халық болсайшы, біз тек сенбі сайын кафе - ресторан жағалап думандатып, қайғысыз қамсыз жүрген бір тобырға көп ұқсаймыз.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1604    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.03.2018, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31