Сен тұр - мен айтайын!

Еркектің миын жемеңдер, әйелдер. Өздеріңе зиян! Айтпады демеңдер...

  • Еркектің миын жемеңдер, әйелдер. Өздеріңе зиян! Айтпады демеңдер...

    Еркектің миын жемеңдер, әйелдер. Өздеріңе зиян! Айтпады демеңдер...

Еркектің миын жемеңдер, әйелдер. Өздеріңе зиян! Айтпады демеңдер...


Тамылжыған түн. Түнгі самалдан күзгі жапырақтардың сыбдыры естіледі. Үлбір пердеге асылған ай - сәулесін төгіп, сығалап, ақыры кірпігіме қонақтап алды. Күйеуім ұйқысыраса керек, дәл құлағымның түбінен:"Сан-ду-ғаш..." деді сыбырлап. "Ау!" дедім әдейі. Ол есін жиып алды білем, "Ұйықтамайсың ба! " деп күңк ете қалды. " Мен кіммін? " дедім жұлып алғандай. "Қумаш" деді түк білмегенсіп. "Сандуғаш деген кім? ". "Мен қайдан білейін! "

Хм, үні жұмсақ. Демек, Сандуғаш тірі. Миының бір бұрышында өмір сүріп жүрген бір бойдақ келіншек бар деген сөз. Күйеуді алдап түсіру тактикасын сіңірген он жылдық стажымды қолданып, мияулай бастадым.

- Арам десе! Сандуғаш қай жақта тұрады? Ренжімеймін айтшы?

-Ей, мияуламай жатшы, ешқандай Сандуғаш жоқ!

-Ол әдемі ме?

-...

-Жас па?

-...

-Таразда тұра ма?

- Шалықтап кеткеннен саумысың, ұйқы берші адамға!

-Кеше түнде Сандуғашқа бардың ғой иә, достарыммен кездесем деп мені алдап.

-Қайдағы, Сандуғаш, миымды су қылдың ғой.

-Шыныңды айтшы, жасы нешеде? Ренжімеймін, айтшы?

- Ешқандай Сандуғаш жоқ дедім саған!

-Ей, мен саған жаным ашып тұр. Көтеріп қойса қайтесің байғұсым ай, -десем: - Қой, дедім саған!-деп ызаланып кетті. -А, вдруг! А вдруг көтеріп қояды. Мен екі баламен не істеймін сонда? Вдруг, көтеріп қояды, десем, - И, жоға, сақтанамыз ғой, - деп қойып қалмасы бар ма?!

Енді жатырмын, үн түнсіз, Сандуғашты ойлап... Нем бар еді десеңші?!


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1973    Пікірлер: 0

сенбі, 08.09.2018, 14:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31