Сен тұр - мен айтайын!

Ертең қайда барып, қай жерде қалатыныңды бір Алла ғана біледі

  • Ертең қайда барып, қай жерде қалатыныңды бір Алла ғана біледі

    Ертең қайда барып, қай жерде қалатыныңды бір Алла ғана біледі

Түс кезінде үйдегі көрпелерді сыртқа шығарып жайғанбыз. Ұмытып кетіппін. Осы жаңа ғана есіме түсіп, үйге кіргізейін деп далаға қайта шықтым. Көрпелерді жинап жатсам, шетіне жайған біреуі жоқ сияқты. «Сол екі ортада кім ала қойды екен?!» деп тұрып қалдым. Жанында көршінің көрпесі жаюлы тұрған. Солар шатасып алды ма екен деп ойладым. Бір кезде талдың арасынан ағараңдаған нәрсе көрінді. Қасына барып қарасам, бір мас жігіт көрпемді астына басып алып, ұйықтап жатыр. Орыс жігіт екен. Кешкісін үйдің жанында сыра ішіп отырғанын көргенмін. Әп-әйбат киінген. Қасында екі пакет тамақ па, бір нәрсесі тағы тұр. Көңіл-күйі жоқ секілді болып көрінді. Сол жігіт. Астынан көрпені жұлып алайын деп бір оқталдым да, жарайды, жата берсінші деп кетіп қалдым. Онсыз да бір күні лақтырамын ғой деп отырған ескіріп қалған көрпе болатын. Төрт жыл бұрын өзім барып сатып алған көрпе еді. Түбінде осы орысқа бұйырады деп кім ойлаған! Адамның тағдыры да тура осы көрпе сияқты, қарап тұрсаң. Ертең қайда барып, қай жерде қалатыныңды бір Алла ғана біледі.


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1483    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30